Жамбылдықтар өндірістік жарақатқа ұшыраған 15 жұмысшыға көмек көрсетті

Аймақтар
29.04.2022, 10:41

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде 20-27 сәуір аралығында 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне арналған апталық өтуде. Осыған орай бөлімшеге қарасты кәсіпорындардың еңбек қорғау инженерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

«2022 жылы еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру» тақырыбына өткен жиында Магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Нұрлан Баялиев баяндама жасады. Көпшілік алдымен өндірісте мерт болған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Бас инженер Нұрлан Арғынбайұлы соңғы бес жылда, 2016-2021 жылдар аралығында өндірістік жарақат алған теміржолшылар әрекетіндегі қателіктер мен жұмыс орындарын ұйымдастырудағы кемшіліктерге жан-жақты тоқталды. Магистральді желі бөлімшесіне қарасты мекемелерде өткен бес жылда  10 оқиға орын алыпты. Оның бесеуі жол шаруашылығында, екеуі байланыс, ал үшеуі электрмен жабдықтау дистанцияларында болған.  

-  Сараптама көрсеткендей, өндірістік жарақат алғандардың жас шамасы 40 жастан жоғары және дені – бес-алты жыл ғана тәжірибесі бар мамандар. Яғни, мамандардың біліктілігі төмен немесе жұмыс орнын ұйымдастырудағы кемшіліктер себеп болған деп қорытынды жасауға болады.  Біріншіден, жарақат алушының қауіп-қатерге мән бермеген бейқамдығы, екіншіден жұмыскердің өз еркімен жұмыс орнын кеңейтуі немесе жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырмауы қателіктерге ұрындырған, - дейді Нұрлан Арғынбайұлы.

Ағымдағы жылы бекітілген кестеге сәйкес ақпан айында Түлкібас және Шу жол дистанциялары мен Шу электрмен жабдықтау дистанциясында,   наурыз айында Сары-Шаған жол дистанциясында, Шоқпар электрмен жабдықтау дистанциясында және Сары-Шаған байланыс және сигнал беру дистанциясында тексерістер жүргізілген. Нәтижесінде 54 ескерту берілсе, оның ішінде 38-і еңбекті қорғау бойынша, 13-і өндірістік қауіпсіздік, 3-уі электрмен жабдықтау қауіпсіздігі бойынша анықталыпты. Бүгінгі күні бұл ескертулер толықтай жойылған.    

Бүкіләлемдік Еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылған апталық барысында барлық мекемелерде ұрансөздер ілініп, өндірісте мерт болған азаматтарды еске алу шаралары өтуде. Сондай-ақ, бөлімше бойынша өндірістік жарақат алған 15 азаматқа кәсіподақ ұйымының қызметкерлері мен мекеме басшылары арнайы барып, әлеуметтік көмектер көрсетті. Әлеуметтік себет таратылып, қаржылай қолдау жасалып, еріктілердің көмегімен ол азаматардың бау-бақшасын көктемгі мезгілге дайындап, аулаларында сенбіліктер ұйымдастырылуда.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті