Семей ЖТ Еңбекшілерді қорғау күніне арналған байқауға 6 команда қатысты

Аймақтар
29.04.2022, 10:45
©Rail-news.kz
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары Дүниежүзілік еңбек қорғау күнін ұжым болып атап өтті. Бұл күні жергілікті сала қызметкерлері түрлі танымдық ойындар, байқаулар өткізіп, өндірістік қауіпсіздік, ақаусыз қызмет және жұмыс орындарындағы сақтық шараларын тағы бір мәрте пысықтады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл орайда бөлімшенің кәсіподақ ұйымының белсенділері ұйымдастырған шараның тағылымдық мәні зор болды. Семей магистральдық желі бөлімшесінің теміржолшылары вокзал алаңында танымдық ойындар өткізіп, өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша әзірленген викториналық сұрақтарға жауап берді. Байқауға 6 команда қатысты. Еңбек қорғау жайлы қызықты сұрақтарға дұрыс жауап берген командалар анықталып, кәсіподақ ұйымы тарапынан ақшалай сыйлыққа ие болды. 

Жұмыс орындарында қаза болған еңбеккерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алу рәсімінен соң бас инженер Айдос Жаманбаев өндірістік қауіпсіздікті сақтаудың маңызы жай- лы баяндама жасады. Мұнымен қоса, Айдос Кемелханұлы еңбекті қорғау бойынша үздік нәтижелерге жеткен теміржолшыларға мақтау қағаздарын табыс етті. Бұл орайда 27 жыл бойы еңбек қорғау саласында қызмет етіп, бірде-бір рет өндірістік жарақаттануға жол бермеген еңбек қорғау бөлімінің жетекші инженері Гүлзавира Елемесова әріптестерінің құрметіне бөленді. Ал 15 жыл бойы мекемеде қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етіп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, еңбекті қорғау мәдениетін жоғары ұстанып, өндірістік жарақатқа жол бермегені үшін Семей, Шар және Жаңғызтөбе, Суықбұлақ пен Жарма станциялары, Семей вагон пайдалану депосының ұжымдары бөлімше басшысы Владимир Бабиченконың алғыс хатына ие болды. 

Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары биылғы жылдың алғашқы тоқсанын ақаусыз өткізді. Өткен жылы да өндіріс бойынша ешқандай жарақаттану фактілері орын алмаған болатын.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады