Түбек темір жолында еңбек қорғау күніне орай семинар өтті

Аймақтар
04.05.2022, 10:16
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау қосалқы бөлімінде еңбек қорғау күніне арнайы семинар өтіп, басқосудың соңы осы бағытта ұйымдастырылған байқауларда топ жарған үздіктерді марапаттауға ұласты. 

Семинар о дүниелік болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды. Жиында еңбек қорғау, жұмыстағы қауіпсіздікті сақтау, қоғамдық инспекторлар жұмысы мен олардың міндетін атқаруға кедергі келтіретін мәселелер көтерілді. Маңғыстау қосалқы бөлімі басшысының орынбасары – бас инженер Қарақат Жақановеңбек талаптарынынң бәрі де өз орнымен орындалу керек, дегенмен адам құндылығы, оның қауіпсіздігін ешқашан ұмытпау қажет деді.  Сондай ақ, қосалқы бөлімде өткен жыл және биылғы жылдың бірінші тоқсанында өндірістік жарақат алу деректері тіркелмегені, демек еңбек қорғау мәселесіне жеткілікті көңіл бөлініп отырғаны айтылды.

Қазақстан теміржолшылары кәсіби одағының өңірдегі өкілі Әзірбай Тұрмағанбетов Маңғыстау жүк тасымалы бөлімі бойынша құрылған өндірістік кеңестің жұмысы туралы баяндады. Айтуынша, қазір бөлім бойынша 10 техникалық инспектор қызмет етеді. Олардың қатары осы жылы ақпанда жаңа құраммен толыққан. Аталған техникалық инспекторлардың төртеуі биыл жыл басынан бері оқытылып, біліктілігін арттырған. Қалғанын екінші тоқсан соңына дейін оқыту жоспарланған. 

-Еңбек қауіпсіздігін қорғау саласында басшылардың, сала мамандарының біліктілігін тексеру, оларды оқыту, арнайы сертификат алу шаралары, оған жұмсалатын қаржы көзедірн ұжымдық шартпен айқындалып, нақты орындалып отыруы тиіс. Бірінші кезекте сала бойынша нұсқамалық ережелер жасау, онымен таныстыру мекеменің тікелей басшысының міндеті. Адам құқығы, оның қорғалуы жөнінде әрбір мекеме басшысы қатаң тәртіп орнатып, қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол бермеуі қажет, - деді кәсіподақ өкілі өз сөзінде. 

Шара әрі қарай еңбек қорғау күніне орай өткен байқауларда сыннан сүрінбей өткендерді марапаттауға жалғасты. Маңғыстау вагон пайдалану депосы «Үздік қауіпсіз кәсіпорын», Құрық порт станциясының жүкті және багажды қабылдап тапсырушысы Раушан Мамаева «Үздік білім иесі», Маңғыстау локомотив депосы бастығының орынбасары Амандық Аралбеков «Үздік басшы» аталымы бойынша марапатталса,  «Ең жақсы санитарлық-тұрмыстық бөлме» Өзен станциясының пойыз құрастырушы бригадасының бөлмесі, «Ең үздік ас қабылдау бөлмесі» Бейнеу станциясының ас бөлмесіне бұйырды. 

«Үздік бейне-нұсқама» деп Еламан Бақтығалидың, пойыз құрастырушылар еңбегіне қатысты «Үздік бейнефильм» Маңғыстау станциясының, пойыз қабылдаушылардың қауіпсіз еңбек тәсілдерін көрсету бойынша «Үздік бейнефильм» Болашақ станциясы ұсынған видеороликтер таңдалды. Сонымен қатар еңбекті қорғау саласындағы адал жұмысы үшін ТД-2 еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер Көбейсін Өтенов, Бейнеу техникалық қызмет көрсету пунктінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженері Жексенбай Тұрмағанбетов және техникалық инспекторлар марапатталды. Номинация иегерлеріне диплом және ақшалай сертификаттар табысталды.

«Әке, үйге аман оралуыңды күтудеміз!» деген тақырыпта өткен балалар сурет сайысының жеңімпаздары мен қатысушылары да сыйлықсыз қалмады.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті