Маңғыстау қосалқы бөлімінде үздіктер марапатталды

Аймақтар
06.05.2022, 14:04
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау қосалқы бөлімінде еңбек қорғау күніне арнайы семинар өтіп, соңы осы бағытта ұйымдастырылған байқауларда топ жарған үздіктерді марапаттауға ұласты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

  Жиында еңбек қорғау, жұмыстағы қауіпсіздікті сақтау, қоғамдық инспекторлар жұмысы мен олардың міндетін атқаруға кедергі келтіретін мәселелер көтерілді. Маңғыстау қосалқы бөлімі басшысының орынбасары – бас инженер Қарақат Жақанов еңбек талаптары сөзсіз орындалу керек, дегенмен адам құндылығы, оның қауіпсіздігін ешқашан ұмытпау қажет деді. Сондай-ақ, қосалқы бөлімде өткен жыл және биылғы жылдың бірінші тоқсанында өндірістік жарақат алу деректері тіркелмегені, демек, еңбек қорғау мәселесіне жеткілікті көңіл бөлініп отырғаны айтылды. Қазақстан теміржолшылары кәсіби одағының өңірдегі өкілі Әзірбай Тұрмағанбетов Маңғыстау жүк тасымалы бөлімі бойынша құрылған өндірістік кеңестің жұмысы туралы баяндады. Айтуынша, қазір бөлім бойынша 10 техникалық инспектор қызмет етеді. Олардың қатары осы жылы ақпанда жаңа құраммен толыққан. Аталған техникалық инспекторлардың төртеуі биыл жыл басынан бері оқытылып, біліктілігін арттырған. Қалғанын екінші тоқсан соңына дейін оқыту жоспарланған. 

– Еңбек қауіпсіздігін қорғау саласында басшылардың, сала мамандарының біліктілігін тексеру, оларды оқыту, арнайы сертификат алу шаралары, оған жұмсалатын қаржы көздері ұжымдық шартпен айқындалып, нақты орындалып отыруы тиіс. Бірінші кезекте сала бойынша нұсқамалық ережелер жасау, онымен таныстыру – мекеме басшысының міндеті. Адам құқығы, оның қорғалуы жөнінде әрбір мекеме басшысы қатаң тәртіп орнатып, қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол бермеуі қажет, – деді кәсіподақ өкілі өз сөзінде. 

Семинар еңбек қорғау күніне орай өткен байқауларда сыннан сүрінбей өткендерді марапаттаумен аяқталды.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады