Түбек теміржолында өрт қауіпсіздігі тексерілді

Аймақтар
20.05.2022, 10:37
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек теміржолында көктемгі өрт-техникалық тексеру жұмыстары аяқталды. Тілсіз жаудың алдын алу бағытындағы пысықтау шарасы 10 наурыз – 10 мамыр аралығында жүргізілді. Маңғыстау теміржолына қарасты нысандар мен жылжымалы құрамдар түгел өртке қарсы тексерістен өтті.

Өртке қарсы жасақ осы аталған уақыт ішінде жалпы саны 100 нысанды аралап, өрт қауіпсіздігі жағдайын егжей-тегжейлі тексеріп, 120 бұзушылықты тапты. 

– Кемшіліктер әртүрлі, автоматты өрт дабылқаққыштың жарамсыздығы немесе жабдықталмауы, өрт сөндіргіштер ақауы, тоқ сымдарының ақауы, т.т. Оларға өрт қауіптілігі жайында ескерту парағы беріліп, кемшілікті түзетуге уақыт белгіленді. Сонымен қатар 10 901 жүк вагонына тексеріс жүргізілді. Олардың басым бөлігі – тез жанатын және қауіпті жүк тиелетін вагондар. Жолаушылар вагоны да назардан тыс қалмады. 72 жолаушылар вагонынан 13 бұзушылық табылып, 8-іне ескерту парағы берілді. Локомотивтер бойынша 224 локомотив бақылауға алынып, 99 бұзушылық тіркелген. Сондай-ақ, жазғы дала өрттері қауіп төндіретіндіктен жол жиектері тексеріліп, тиісті шаралар қабылданды, – деген Маңғыстау өртке қарсы қызмет жасағының бастығы Қайырхан Таласов ең бастысы – өткен төрт айда өрт оқиғасы тіркелмегенін айтады. 

Дегенмен жаман айтпай, жақсы жоқ. Өрт бола қалған жағдайда сауатты әрекет ету үшін дайындықты пысықтау да маңызды. Осы мақсатта биыл мамырға дейін Бейнеу, Маңғыстау және Болашақ өрт сөндіру пойыздарының қатысуымен 5 оқу-жаттығу ұйымдастырылған.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады