Ақтөбе теміржолында сақтақ шаралары күшейтілді

Аймақтар
01.06.2022, 09:20
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол бойы – қауіпті аймақ. Бірақ, жергілікті тұрғындардың жауапсыздығынан жазатайым жағдайлар көбейген. Жолаушыларды сақтыққа шақырған теміржолшылар дабыл қағып отыр.

Биыл үш айда ел аумағындағы теміржол бойында 158 рет мал басу оқиғасы болды. Адамдардың қатысуымен орын алған 18 жағдайдың екеуінде балалар зардап шеккен. Оның бірі Ағадыр станциясында болса, екіншісі Жіңішке станциясында тіркелді. Ақтөбе станциясының бастығы Нұрлан Ермағамбетов желілік полиция қызметкерлерімен бірлесе рейдтік іс-шара кезінде құлақтарын құлаққаппен бітеп алып, теміржол бойында қаннен қаперсіз кетіп бара жатқан талай жасөспірімді тоқтатып, олармен профилактикалық әңгімелесу өткізді. 

«Жазғы каникулдың басталуымен мектеп жасындағы балалардың бос уақыты көбейеді. Жұмыстағы ата-аналар балаларын қараусыз қалдырады. Сақтықта қорлық жоқ, әсіресе теміржол сияқты қауіпті аймақта сақтық аса қажет. Міне, мынау құлаққап сияқты бір кішкентай нәрсенің өзі адам өлімінің себепшісі болатынына мән бермейміз. Өзім куә болған бір оқиғаны мен ылғи да қайталап айтудан жалықпаймын, біреу болмаса біреуге сабақ болар деймін. Көз алдымызда құлаққап киген ересек адамды жылжымалы құрам қағып кетті. Ол адам біздің айғайымызды да, тепловоздың даусын да естімей жол үстімен кетіп бара жатты. Соңынан жүгіріп жетеміз дегендер де үлгермеді. Қас қағым сәт...», – дейді Ермағамбетов. Ақтөбе станциясы қаланың қақ ортасында орналасқан. 

Мәскеу ауданының тұрғындары теміржол өткелі арқылы вокзал аялдамасына келеді. Немесе, керісінше, вокзал жанындағы мектеп пен колледж оқушылары мен студенттері Мәскеу ауданындағы жатақханаға, үйлеріне барады. Көпшілігі аспалы көпірді пайдаланбайды. Жолды қысқартып, өткелдерді кесіп өтуге әуес. Тұрғындар жеке қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтауға құлықсыз. Сөйтіп, өз өмірлерін қатерге тігеді дейді теміржолшылар.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады