Маңғыстау жол дистанциянда ұрлық-қарлық тоқтамай тұр

Аймақтар
10.06.2022, 10:43
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол мүлкіне көз салып, оңай олжа тапқысы келетіндер қатары азаймай тұр. Олар үшін теміржол бойындағы қауіпсіздіктің құны көк тиын. Атап айтқанда, Маңғыстау жол дистанциясының аумағында жыл басынан бергі бес айда 5 ұрлық тіркелген.

– Тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізіп, теміржолдан бір шеге алсаң да оның соңы қауіп-қатерге соқтыратынын айтудан кенде емеспіз. Соған қарамай жылдан жылға ұрлық азаймай, қайта көбейіп барады. Былтыр бұл уақытта бір ұрлық тіркелген еді. Резервте тұрған Р65 типті 25 метрлік рельс ұрланды. Оның қаржылай шығыны 53 мыңнан асады. Қазір дерек те, келтірілген залал да көбейіп кетті. Ақпан айының 21-де 21   дана төсем, 253 дана балдақ қолды болды. Осындай жағдайлар ақпан айының соңында, наурыз күндері тағы қайталанды. Енді бірде вагонның кетіп қалуына қарсы құрылғы ұрланды. Бірақ, «противагонды» алып, арам ойын іске асырмақ болғандар ұсталып, мүлік кері қайтарылды. Сәуір айында малға қарсы қоршаудың 200 метр тросы, тағысын тағы темір жол бөлшектері із-түзсіз жоғалып кетті. Іздестіріп жатырмыз, – дейді Маңғыстау жол дистанциясының жетекші инженері Мұхтар Күлшінбаев.

Ол бұл ұрлық-қарлық Маңғыстау станциясы мен Р бекеті және Жетібай – Өзен станциялары, сондай-ақ, Р бекеті мен Боржақты аралықтарында кездескен. Одан келген шығын көлемі 127 мың 845 теңгеге жеткен.

– Ұрлықтың алдын алу бойынша ай сайын тұрғындармен кездесеміз. Биыл 17 рет кездесу өткіздік. Телім басшыларына теміржолдың жоғарғы қабат мүліктерін қараусыз қалдырмай, дүниелерін қоймаларда сақтау керектігін түсіндіреміз. Негізі далада бей-берекет жатқан мүлік жоқ, запас бөлшектің бәрі қоймада сақтаулы. Сонымен қатар әкімдіктерді де бұл іске тартып, олармен де бірлесе жұмыстар атқарылуда. Желілік полиция өкілдерімен бірге металл қабылдайтын орындарға рейд жасап, теміржол мүліктерін қабылдамау туралы хабарлап жатырмыз, – дейді дистанция маманы.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады