Семей ЖТ бөлімшесі қозғалыс қауіпсіздігін күшейтті

Аймақтар
29.06.2022, 10:19
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары қозғалыс қауіпсіздігі бойынша күшейтілген режимге көшті. Оған бірнеше факторлар себеп болуда. Аталмыш шаралар аясында бірқатар жоспарлы жұмыстар жүргізу де межеленіп отыр.

айдағы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Бірқатар ереже бұзу жағдайлары да орын алған. Сол себепті Семей жүк тасымалы бөлімшесінің бастығы Владимир Бабиченконың №673-ші бұйрығы бойынша ағымдағы жылдың маусым айының 15-ші жұлдызынан бастап, келер айдың 15-не дейінгі аралықта «Қозғалыс қауіпсіздігінің қатаңдатылған режимі» күшіне енгізілді. Мақсат – желі бойындағы және маневрлік жұмыстар кезіндегі жылжымалы құрамдардың қауіпсіздігін сақтау және бұл бағыттағы көрсеткіштерді жақсарту болып отыр. Бұл орайда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басқарма төрағасының маусымның 14-і күнгі №86ЖТ бұйрығын орындау басшылыққа алынған.

Күшейтілген жұмыс режимі аясында жоспардан тыс тексерулер жүргізу, әсіресе қозғалыс саласы бойынша түнгі мезгілдегі бақылау шараларын күшейту, вагон қараушылар мен пойыз құрастырушыларға жүктелген міндеттемелердің орындалуын тексеру сынды жұмыстар орын алуда. Бұл реттегі шаралар осыған дейін де өткізілген болатын. Атап айтсақ, өткен аптада қозғалыс шаруашылығында күшейтілген жұмыс апталығы ұйымдастырылған. Оның барысында қозғалыс қауіпсіздігін үздіксіз сақтап қана қоймай, еңбекті қорғау және желі бойындағы өрт қауіпсіздігі де назарға алынды. Апталық аясында әсіресе станция қызметкерлеріне зор жауапкершілік жүктелді.

Ал, маусым айының 20-26 аралығында бөлімше көлемінде «Қазтеміртранс» АҚ шаруашылығы бойынша күшейтілген жұмыс апталығы енгізілген-ді. Вагонмен үзіліссіз қамтамасыз ете отырып, қауіпсіздікті сақтаудағы үдеріс барысы қатаң қадағалауға алынып, басты назарға қойылды.

Жалпы, шығыстағы теміржолшылар үшін қырағылық пен сергектікті арттыра түсу артықтық етпейді. Себебі, бөлімшенің Защита өңірінде қозғалысқа елеулі нұқсан келтіретін бірқатар жағдайлар орын алғаны белгілі. Атап айтсақ, өткен аптаның соңында «Көкжиек-Күмістау» теміржол учаскесінің 95-ші шақырымында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кеткен болатын. Бұл өңірдегі соңғы үш айдың ішінде осымен үшінші оқиға саналады.

Қазіргі күні күшейтілген жұмыс режимі мен арнайы ұйымдастырылған апталықтар аясында шаруашылық ревизорлары, еңбекті қорғау инженерлері мен өндірістік-техникалық бөлім қызметкерлері де қауырт жұмысқа көшірілген.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады