Экшн-камералар ақтөбелік электршілердің жұмысын жеңілдетті

Аймақтар
29.06.2022, 10:47
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде электрмен жабдықтау дистанциясы экшн-камералармен жұмысты жандандырды. Қауіпсіздікті бақылаудың цифры жүйесі қолдануға да жеңіл.

Бүгінде дистанцияда 14 экшн-камера бар. Олар дистанцияға қарайтын 7 электрмен жабдықтау аудандарына екі-екіден таратылған. Қалтаға, қорғаныш бас киіміне немесе қолға ұстап жүріп түсіруге ыңғайлы камераның сыйымдылығы да жоғары. Жұмыстың басталған сәтінен камера қосылып, барлық әрекет таспаға жазылады. Бейне-бақылаудағы жазба арқылы кейін жұмыс барысын қадағалап, жіберілген қателіктерге талдау жұмыстары жүргізіледі.

«Экшн-камералар 2021 жылдан бастап қолданыста. Барлық жұмысты бақылауға тиімді. Камераға сақталған жазбалар аудандардан айына бір рет дистанцияға әкелініп, онда түсірілген жазбаларға сараптама жасаймыз», – дейді Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының өндірістік оқыту шебері Қуанышбек Инжилисов. 

Экшн-камераларға түскен жазбалар арқылы қауіпсіздіктің сақталу тәртібін бақылау жеңілдеген. Жұмыс кезіндегі адами факторлар, асығыс әрекетпен жол берілген қателіктер камерадан тайға таңба басқандай көрініп тұрады. Сараптама кезінде монтерлерге жазбадағы қателіктер көрсетіліп, оны қайталамау түсіндіріледі. 

Экшн-камераның ерекшелігі мол. Шұғыл қозғалыс кезінде де анық түсіру мүмкіндігіне ие. Маңызды сәттерде кедергі жасамас үшін шағын өлшемді және салмағы да жеңіл етіп жасалған. Қарапайым бейнекамераға қарағанда әлдеқайда шағын және корпусы берік, соққыға және су мен ылғалға төзімділігі жоғары. Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының өндірістік оқыту шебері оқу-жаттығу кезінде де экшн-камераны қолданып жүргенін айтты.

 «Оқу жаттығу алаңындағы жұмыстар да экшн-камераға түсіріледі. Мұны бәрі қауіпсіздіктің сақталуына, сақ болуға үйретеді. Жыл басынан бері Орал, Қазақстан, Ақтөбе аумағындағы барлық аудандарды аралап шықтым. Техникалық қауіпсіздікті қадағалаумен қатар жаңадан шыққан заңдар, бұйрықтар мен өзгерістер туралы ақпарат береміз. Қазақстан теміржолындағы тың жобаларды таныстырамыз», – дейді Қуанышбек Инжилисов. 

Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының барлық аудандарын қосқанда штатта 225 қызметкер бар. Әр ауданда арнайы жоспар бойынша техникалық сабақтар тұрақты өтеді. Айына екі рет 80 минуттан барлық мекеме қызметкерлері техникалық қауіпсіздік дәрісіне қатысады.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады