Маңғыстаудағы ӘТЖК жыл басынан екі қылмысқа тосқауыл қойды

Аймақтар
29.06.2022, 10:53
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау станциясындағы әскерилендірілген теміржол күзетінің шұғыл әрекет ету тобы жыл басынан бері теміржолдағы екі қылмыстың ашылуына ықпал етті.

Қылмыстық фактілердің ізін суытпай анықтауда желілік полиция қызметкерлерінің жұмысын жеңілдеткен олар теміржол күзетінде аянбай еңбек етуде. Жоғарыда аталған екі оқиғаның біреуінде топ күзетшілері Маңғыстау станциясында теміржол торабының бөлшектерін ұрлаған тұрғынды ұстап, желілік полицияға тапсырған. Екінші жағдай Сай-Өтес станциясында орын алған. Жолаушылар пойызының терезесін қасақана шаққан адамды анықтап, оған да тиісті шара қолдану үшін тәртіп сақшыларына табыстаған. Одан бөлек топ күзетшілері полиция қызметкерлерімен бірлесе теміржолдың белгіленбеген жерінен өткен 44 адамды тоқтатып, оларға әкімшілік шара қолданылған. 

– Біз желілік полиция өкілдерімен тығыз байланыстамыз. Олармен бірлесе атқаратын өз жоспарларымыз бар. Жақында Маңғыстау станциясындағы желілік полицияның қылмыстық іздестіру тобы қызметкерлерімен тәжірибе алмасу ұйымдастырдық. Кездесу Маңғыстау станциясында паркте тұрған жүк вагондарының қасында өтті. Теміржолмен өтіп жатқан жүк вагондарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды ашу, тонау сынды қылмыстық жағдайлардың жолын кесу, орын алған жағдайда қалай әрекет ету керек, бәрін кеңесіп, тәжірибе алмастық, – дейді бұл туралы ақпарат берген Маңғыстау станциясындағы шұғыл әрекет ететін оңтайлы топ бастығының орынбасары Мәди Үндемесов. 

Оның айтуынша, шұғыл әрекет ететін оңтайлы топ полиция өкілдерімен бірге өткен жылы да теміржолдағы үш қылмыстық істі әшкерелеген. Айталық, топ күзетшілері контейнердегі жүкті ұрлаған үш азаматты қылмыс үстінде ұстаған. Нәтижесінде оңай олжа таппақ болған пайдакүнемдер заң органдарына жеткізіліп, 3,5-4 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады