Семейде вагон жөндеу депосы ашылды

Аймақтар
01.07.2022, 11:37
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей қаласында жаңадан вагон жөндеу депосының ашылу салтанатына Семей ЖТ бөлімшесінің директоры Владимир Бабиченко мен қала әкімі, теміржолшылар мен жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысты.

Әзірге кәсіпорын алғашқы кезең бойынша жұмыс істейді. Яғни, бірінші кезекте дөңгелекті-роликті цех және вагондарды ағымдағы жөндеу жұмыстары орындалмақ. Ал, жоспар бойынша екінші кезеңде вагонның дөңгелек шеберханасын ашу көзделуде. Онда дөңгелек жұптарын құрастыру және оларды күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Ең соңғы үшінші кезеңде депода ашық вагондарға күрделі жөндеу жүргізіліп, жылжымалы құрам үшін толық кешенді қызмет көрсетілетін болады. 

Айта кетерлігі, бұл жобаға салынған инвестиция шамамен 2,5 миллиард теңгені құрайды, оның ішінде 1 миллиард – жеке салымдар, 1,2 миллиард – екінші деңгейдегі банктер арқылы және тағы 300 миллион – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы алынып отыр. 

Қазіргі таңда жаңа депода әзірге 50 адам тұрақты жұмысқа тұрды. Болашақта тағы 110-130 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Олар жергілікті Семей теміржол колледжінің түлектері арасынан ғана қабылданатын болды. Ал, кейіннен жас мамандар Қарағандыдағы оқу орталығында білімін жетілдіріп, аттестациялаудан өтуге жіберіледі. 

Шара барысында қала әкімі айтып өткендей, аймақтағы жүк тасымалының артуы вагон жөндеу кәсіпорындарына түсетін жүктемені арттыруда. Яғни, вагон жөндеу деполарын жаңғырту немесе жылжыма- лы құрамның меншік иелерінің сұраныстарына орай заманауи деполар салу уақыт талабы болып отыр. 

Әзірше жаңа кәсіпорынның алдағы жұмыс көлемін есептеу біршама қиындық тудыруда. Бүгінгі таңда ірі компаниялармен – жылжымалы құрамдар иелерімен вагондарды жөндеу жұмыстары және қызмет көрсету бойынша арнайы келіссөздер жүргізілуде. Қазіргі күні Семей ЖТ бөлімшесі бойынша тәулік бойы тынымсыз ағылған вагондар санының өсу қарқынын және де Абай облысының экономикасы үшін теміржол саласының стратегиялық маңызы жоғары екендігін ескерсек, жаңа депо үшін жұмыс жеткілікті болары сөзсіз.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады