Рационализаторлық ұсыныстарды қолдауға арналған тренинг өтті

Аймақтар
05.07.2022, 14:18
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ЖШС-нің «Батыс» аймақтық филиалы қызметкерлері арасында рационализаторлық ұсыныстарды қолдау, инновацияны дамытуға арналған тренинг өтті.

Техникалық орталықтың ұйытқы болуымен өткен тренингте рационализаторлық қызметтің негізгі принциптері түсіндірілді. Алдымен рационализаторлық ұсыныс бойынша құжаттаманың дұрыс ресімделуіне назар аудару керектігі айтылды. Ең перспективалы жобаларды іріктеу арқылы теміржол саласына жаңашылдық енгізу, қызметкерлерді ынталандыру жүйесі жолға қойылғаны және бұл жұмыстар алдағы уақытта дами беретіні сөз болды. «Үздік инноватор» байқауын ұйымдастыру және өткізу, техникалық шығармашылықтың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері қозғалды. Тренингке модераторлық еткен «Батыс» аймақтық филиалының бас инженері Жасұлан Рысқалиев өнертапқыштарды өндіріске жаңашылдық енгізуде тың идеялар ұсынып, автоматтандыру мен механикаландыру саласында белсенді жұмыс істеуге шақырды. 

«Рационализаторлық қызмет бойынша игілік көп. Мақұлданған, қолданысқа енгізілген ұсыныстарға компания тарапынан сыйақы қарастырылған. Бүгінгі күні бізде жоба авторларына 257 мың теңгедей ақша төленді», – деді бас инженер. 

Тренингке барлық мекеменің бас инженерлері мен техникалық бөлім қызметкерлері қатысты. Рационализаторлық ұсыныстардың ең алдымен экономикалық тиімділігіне назар аудару жағы сөз болды. Теміржолшыларға жоба жазуда тиісті ақпарат берілу қажеттілігіне көңіл бөлу міндеттелді. 

Сонымен қатар, тренингте аудиториямен жұмыс, сұрақ-жауап қамтылып, күнделікті тәжірибеден алынған практикалық тапсырмалар берілді. Инновациялық жобалар жасауға жастарды көбірек тарту жағы қарастырылды. 

«Тренингтердің теориялық білімді дамытуға ықпалы зор. Теміржолшыларға жоба жасауда жіберілетін кемшіліктерді болдырмау тәсілдері жан-жақты түсіндіріледі. Инженерлер ғылыми-техникалық орталықтармен бірлесе отырып, саладағы әріптестеріне рационализаторлық іс-әрекеттер бойынша көмектеседі, – дейді филиалдың ғылыми-техникалық ақпарат орталығының бастығы Гүлжан Оразқұлова.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады