Маңғыстаулық вагон қараушысы Досжан Жұматов ақау тапты

Аймақтар
15.07.2022, 11:12
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек темір жолы өзінің тәжірибелі мамандарымен мақтанады. Олардың өз міндетіне деген жауапкершілігі мен қырағылығы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Маңғыстау станциясындағы техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон қараушысы Досжан Жұматов 8 шілде күні таңғы уақытта станцияға келіп тоқтаған №28005742 жүк пойызынан ақау тапты. №2824 вагонның доңғалақ дискісінен 280 мм жарықшақты анықтады. Ол Мақат бағытынан келе жатқан, ішінде жүгі бар вагон болатын. Мамандар тексере келе ақаулы вагонды құрамнан ағытып алуға шешім қабылдады. Тұйыққа жеткізілген вагонға қажетті қызмет көрсетілді. 

– Теміржолшыларымыз өз жұмысында жақсы нәтиже көрсетіп, пойыздардағы апаттық жағдайлардың алдын алуда. Осы бірінші жартыжылдықта Маңғыстау бөлімшесі аумағында қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу дерегі, апаттық жағдай тіркелген жоқ. Оған үлес қосқан вагон қараушыларымыздың еңбегі ерен. Осы жартыжылдықта 19 вагон қараушының пойыздар қозғалысына қауіп төндіретін 22 вагоннан түрлі ақау тапты. Олардың бәрі дер кезінде ағытылып, пайдаланудан алынды, – дейді Маңғыстау қосалқы бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ерлан Бүркітов. 

Ал вагон қараушы Досжан Жұматов еңбек жолын 2006 жылы слесарь болып бастаған екен. Аға буыннан үйрене жүріп бүгінде өзі де тәжірибелі маманға айналды. Осы жылдың өзінде бірнеше ақау тауып көзге түскен.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады