Маңғыстауда қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу жағдайына жол берілген жоқ

Аймақтар
19.07.2022, 14:33
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Маңғыстау қосалқы бөлімі бойынша өткен алты айда қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу жағдайына жол берілген жоқ.

15 маусымнан 15 шілдеге дейін жарияланған қауіпсіздік айлығы аясында бірқатар іс-шараның өтуі жоспарланған. Аймақтық және желілік мекеме басшылары станция, локомотив және вагон деполарында кезектен тыс тексерістер жүргізіп жатыр. Мекеме басшылары Бейнеу, Маңғыстау, Шетпе, Өзен, Болашақ станцияларында, Маңғыстау депосында және Бейнеу айналым депосында, техникалық қызмет көрсету пункттерінде тексерістер мен техникалық сабақтар өткізуде. 

– Қауіпсіздікті сақтау – бәрімізге ортақ міндет. «Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ» айлығы аясында көліктік бақылау комитеті, желілік полиция өкілдерімен бірлесіп 13 станцияда темір жол маңындағы жергілікті халыққа, мектептерде, колледждерде адамдарды басып кету, жарақаттау және сол сияқты жағдайлардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын өткіздік, – дейді Маңғыстау қосалқы бөлімінің қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің бас маманы Асхат Шарапатдинов. 

Сонымен қатар, қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына үлес қосып, жылжымалы құрамнан түрлі ақаулықтарды анықтап жүргендердің еңбегін әділ бағалау да естен шығарылмайды. Осы жарты жыл ішінде 8 вагон қараушы мен 1 локомотив бригадасының еңбегі ескеріліп, марапатқа ұсынылған.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады