Аймақ ревизорлары жыл басынан бері қалай жұмыс істеуде?

Аймақтар
22.07.2022, 12:40
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша ревизорлық тексеру, қадағалау жұмыстары қатаңдатылған түрде жүрізілуде. Басты мақсат – теміржолдағы қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша талаптардың орындалуын қадағалау, ақаулықтарға жол бермеу, жүк және жолаушы тасымалын кідіріссіз жүргізу. Осы ретте аймақ ревизорлары жыл басынан бері қалай жұмыс істеуде?

Бұл жайында жуырда бөлімшеде өткен ревизорлардың 6 айлық есептік жиынында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаменті Семей телімінің аймақтық бас ревизоры Темірбек Ақчалов айтып өтті. Басқосуға бөлімше басшысы Владимир Бабиченко, Семей магистральдық желі бастығы Айдын Шәукежанов және шаруашылықтар ревизорлары қатысты. 

Бас ревизор тоқталып өткендей, ағымдағы жылдың өткен жарты жылында 341 тексеру жүргізіліп, анықталған кінәраттар негізінде 522 тыйым салу шарасы қабылданыпты. Кемшілік жіберген бірқатар жұмысшылардың кәсіби деңгейі, білімдері тексерілген. 

Мұнымен қоса, жылжымалы құрамның жылдамдығын шектеу, жолдар мен бағыттамаларды уақытша жабу, т.б. шаралар арқылы тікелей қозғалыс қауіпсіздігін бұзуға алып баратын өрескел ақаулықтарға тосқауыл қойылған. Осының нәтижесінде Семей өңірінде оқыс оқиғаларға жол берілмеген. 

Сол тәрізді биылғы еңбек қауіпсіздігін қорғау жылы аясында шаруашылық ревизорлары тарапынан өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алуға да елеулі түрде күш салынуда. 

Бас ревизор, сонымен қатар, ай сайын теміржол шаруашылықтарының жай-күйіне, атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасалып, анықталған кемшіліктер сарапталып отыратынын жеткізді. Оның нәтижелері қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында желі бойындағы мекемелерге жіберіледі. Соңғы алты айдың көлемінде 84 ұсыныс пен 142 нұсқама жолданыпты. Сондай-ақ, бас ревизордың төрағалық етуімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ай сайын селекторлық кеңес өткізіліп, анықталған кемшіліктер желілік және аймақтық деңгейдегі басшылар назарына ұсынылады екен. Биылғы алты ай қорытындысы бойынша қызметіне салғырт қараған түрлі деңгейдегі бірқатар басшылар тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Десек те, аймақтық ревизорлар аппараты (РБ-6) алдында ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығы бойынша бірқатар міндеттемелер бар екен. Атап айтсақ, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау деңгейін арттырып, оған нұқсан келтіретін олқылықтарға жол бермеу мәселесі күн тақырыбынан түспей тұр.  

– Жоспарлы шаралардан бөлек, биылғы жылы сұрыптау дөңестеріндегі жұмыстарға, шалғай станциялардағы маневрлік локомотив бригадаларының қызметіне, нақтырақ айтсақ, олардың еңбек және демалыс режимінің белгіленген тәртібін сақтауына ерекше назар аударылуда. Ол үшін қосымша тексеру шаралары қарастырылған. Сол тәрізді желі бойындағы барлық мекемелердегі өндірістік процесс те қатаң қадағаланатын болады, – дейді бұл орайда аймақтық бас ревизор Темірбек Иманғабасұлы.  

Жиын соңында қызметінде олқылықтар орын алған бірқатар мекемелер жұмысы сөз болып, олардың басшыларына кемшіліктерді жою жөнінде арнайы нұсқау берілетін болды. Ревизорлар анықтаған кінәраттар белгіленген мерзім ішінде түзетілуі тиіс. Келесі тексерулер кезінде қайталанатын болса, қатаң шаралар қабылданбақ. Ал, бұл орайда бүкіл желі бойын уақытпен санаспай сүзіп шығатын семейлік ревизорлар назарынан ешбір ақау тыс қалмайтынына сенім мол.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады