Шалқар станциясында қатты жел ғимараттардың шатырын жұлып әкетті

Аймақтар
22.07.2022, 12:47
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Шалқар станциясында қатты жел тұрып, теміржол бойын біраз әбігерге салды.

Оқиға 19 шілде күні сағат 21:50-де тіркелді. Облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік пультіне Шалқар станциясында болған дауыл туралы ақпарат түсті.  

– Қатты желден теміржол ғимараттарына зақым келген жоқ. Тек жақын маңдағы ғимараттардың шатыры ұшып, қираған қалдықтары теміржол бойына үйіліп қалды. Вокзал маңындағы №2 мектеп шатырының бір бөлігі ұшып кетті. Жел кезінде вокзалдағы жолаушылар қауіпсіздігіне көңіл бөлінді. Абырой болғанда жолаушылар пойызы келген уақыт емес еді. Зардап шеккендер болған жоқ. Ал жол бойына ұшқан жабындылар 30 минут ішінде жиналып, перрон да тазартылып, жолаушы пойызы келгенше дайын болды, – дейді Шалқар станциясының басшысы Жолдыбай Ізтілеуов.  

Табиғи құбылыс тәулігіне 25-30 пойызға дейін өтетін станцияда қозғалысқа кедергі келтірген жоқ. Жолаушы пойыздарын қабылдау-жөнелту, жүк түсіру-тиеу жұмыстары кестеге сай ұйымдастырылды.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады