Өрт кауіпсіздігіне орай кезекшілік ұйымдастырылған

Аймақтар
26.07.2022, 10:33

Оңтүстікте, соның ішінде Жамбыл өңірінде де күн ысып кетті. Алдын ала болжамдар бойынша алдағы күндері ыстықтың беті қайтпайтын сыңайлы. Кейбір жерлерде сынап бағанасы 50 градусқа жеткен көрінеді.

 Бұған алаңдаған жұртшылықтың қаупі жоғары. Әсіресе, аптап ыстықта оп-оңай тұтана салатын өрт қаупі қашан да бар. Біз де осы мәселеге алаңдап, Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Жамбыл мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі басшысының орынбасары Мұрат Дүйсембиевке қоңырау шалып, болат жолдың бойындағы ахуалды сұраған едік. Мұрат Әубәкірұлының айтуынша, жамбылдық өртке қарсы қызмет жасағы 1206 шықырымда өрт қаупін қадағалап отыр. Ағымдағы жылдың алты айында жүк тасымалы пойызында бір өрт оқиғасы орын алған. Ал, қозғалыс құрамында үш рет түтіндеу оқиғасы болыпты. Абырой болғанда өрттің алдын алған.  

– Негізі, магистральдық желі бөлімшесіне қарасты өртке қауіпті аймақ – халық тығыз орналасқан Түрксіб-Тараз-Түлкібас аймағы. Мамыр айында Шешенқара станциясында техника тасымалдап бара жақан жүк пойызында өрт шықты. Сарышаған станциясындағы өрт сөндіру пойызы көмекке келіп, тілсіз жау ауыздықталды. Бүгінгі күні осы оқиғаға қатысты Шу станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің мамандары тергеу амалдарын жүргізуде, – дейді Мұрат Әубәкірұлы. Қазіргі күні Тараз, Шу, Сарышаған станцияларындағы өрт өндіру пойыздарының жасақтары жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірге өрттің алдын алу шараларын жүргізуде. Тіпті, ерікті жасақ та құрылған. Темір жол бойындағы станция тұрғындарымен өрт қауіпсіздігі жайлы түсінік жұмыстары жүргізілуде екен. «Ең бастысы, соңғы күндері күннің күрт ысып кетуіне байланысты тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып отыр» дейді Мұрат Дүйсенбеков.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады