Өткен күннен белгі бар

Аймақтар
29.07.2022, 16:52
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қазір бізге күнде көріп жүрген тепловоздар таңсық емес. Бірақ осыдан жүз, алпыс-жетпіс жыл бұрын қолданыста болған нұсқаларын көрсек, таңданысымызды жасыра алмаймыз.

Ал теміржол кеш тартылған Маңғыстауға алғашқы тепловоз 1961 жылы келген ТГК-156 локомотиві екен. Енді басталған теміржол құрылысына қажет материалдарды алып келген. Теміржол болмаса тепловоз қайдан жүр дейсіз ғой? Ол кездері Батыс Қазақстан аймағы бойынша «Гурьев-Қандыағаш» желісінде теміржолдың тұйықталған тұсы болатын. Ал Маңғыстау түбегінде мұнай атқылап, қара алтынның қоры анықталмайынша, өрмекшінің торындай тарам-тарам болған автокөлік жолдары мен ат-арбалар жүретін соқпақтар ғана бар-тұғын. Теміржол жергілікті халыққа тек арман еді. Атын естігені болмаса, көбісі көрмеген. 

Тұрғындардың сол арманы шынға айналып, алғашқы теміржол көлігі Бакуден Каспий теңізі арқылы баржамен жеткізіліпті. Жол құрылысына керек материалдар, жабдықтар мен машиналар да сол баржадағы вагондарға тиеліп, вагонды тарту үшін ТГК-156 кішкене тепловозы қоса жеткізілген екен. Сондай-ақ, тепловозбен бірге Әзербайжаннан «Мақат-Ақтау» теміржол желісін Ақтаудан бастап салатын №66 теміржол құрылыс отряды да келіпті. Өкінішке орай, бұл оқиғаны көріп-білген теміржолшылардың көбісі қазір арамызда жоқ. Десе де, бұл туралы өңір теміржолының ақсақалы Амандық Алдабергеновтің хабары бар екен.  

– 1966 жылы КСРО жол қатынасы министрлігінің жолдамасымен Маңғыстауға жас инженер болып келдім. Сондықтан түбек теміржолының қалыптасуынан біраз хабарым бар. 1961 жылы ТГК-156 маневрлік тепловозы Каспиймен жеткізілгенін, оның бірінші машинисін де білемін. Теңізбен алғашқы теміржол көлігі келгесін №66 құрылыс отряды теңіз жағалауынан жер төсемдерін жайып, тіке жол төсеуге кіріскен. Тепловозды вагондарымен жолға салу керек қой. Ол үшін станция «П» мен уақытша қойма аралығына 400 метрлік теміржол салынған. Жол дайын болғасын су жолымен келген Маңғыстаудың бірінші маневрлік тепловозы сонымен жүріп, әлгі уақытша қоймаға барып жүктерін түсірген. Оған құрылыс жүктері тиелген вагондар тіркелген ғой. Бұл 1961 жылдың 18 қазан күні екен. Алғаш түбек жерін басқан тепловоз тізгінінде бірінші класты машинист М.Қаратаев болған. Сол қарқынмен әрі қарай да қазіргі Меловая станциясына дейін теміржол тартылып, құрылысшылар тұратын вагондар қойылған. Ал үлкен тепловоздар Маңғыстауға 1964 жылы «Мақат-Ақтау» магистралі іске қосылғаннан кейін ғана келе бастаған, – деп естелігімен бөлісті Маңғыстау теміржолшылары ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Алдабергенов. 

Қазір өткен тарихтың символына айналған алғашқы маневрлік тепловоз облыс орталығында «Каскортранссервис» мекемесінің ауласында тұр. Күтімі жақсы. Келген уақытында түсі жасыл болса, бүгінде көк түсте. Сырт қарағанда бүгінгі «туысқандарынан» мүлдем бөлек, ойыншық машинаға көбірек келетін тепловоз көрген жанды еріксіз таң қалдырады.

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды