Ынталандыру жүйесі қалыптасқан

Аймақтар
12.08.2022, 09:15
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы айрықша басымдық беріп отырған маңызды бағыттың бірі – қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру. Адам факторымен байланысты қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтарды азайту мақсатында 2022-2023 жылдар «Қозғалыс қауіпсіздігі мәдениетін дамыту жылы» болып жарияланды.

Оның аясында қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар санын төмендетудің нақты мақсаты қойылып, дамудың және оқытудың, уәждеменің және еңбек жағдайларының негізгі бағыттары айқындалды. Бүгінгі таңда Магистральдық желі дирекциясының 1206 қызметкері «ҚТЖ» ҰК» АҚ бес филиалында, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз қалаларының оқу орталықтарында біліктілігін арттырды. Бұл жылдық оқу жоспарының 86% құрап отыр. Қызметкерлерді ынталандыру және өндірістік міндеттерді сапалы орындау мақсатында Компанияда еңбекке қатысу коэффициентін қызмет нәтижелеріне жеке салым сыйақысы ретінде қолдана отырып, сыйлықақы беру бағдарламасы әзірленді. 2022 жылдың 1 маусымынан бастап жол дистанцияларында еңбекке қатысу коэффициентін есепке ала отырып жол шебері, учаске бастығы және учаске бастықтарының орынбасарларына сыйақы беру енгізілді. 

Сонымен қатар Ұлттық компанияда пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жақсартуға үлес қосқан жұмыскерлерді материалдық және моральдық тұрғыдан ынталандыру жүйесі қалыптасқан. Мәселен, бір ғана Магистральдық желі дирекциясында биылғы жылы 344 қызметкер марапатталды. Соның ішінде Көлік қызметкерлері күніне орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары – Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Түлкібас жол дистанциясының жол монтері С. Боровской, Сарышаған белгі беру және байланыс дистанциясының СОБ электромеханигі Ж. Ахметбеков, Қарағанды бөлімшесі Қарағанды белгі беру және байланыс дистанциясының СОБ электромеханигі К.Балпықов, Павлодар бөлімше- сінің Ерейментау жол дистанциясының жол шебері М.П.Зубрицкая «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталды. Тағы 21 адам «Адал еңбегі үшін», 32 адам «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгілеріне ие болды.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады