Маңғыстауда екі күндік профилактикалық іс-шара өтті

Аймақтар
12.08.2022, 09:24
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстауда желілік полиция мен теміржолшылардың қатысуымен екі күндік профилактикалық іс-шара өтті. Вокзал аумағында және пойыздарда халыққа теміржол көлігінің қауіп-қатерін түсіндірген топ тыйым салу белгілері бар үнпарақтар таратты.

Темір жолда қарапайым жүріс-тұрыс ережелерін сақтамаудың салдары ауыр болатынын күнделікті өмірде көріп-біліп жүрміз. Пойыз астына түсіп, абайсызда ажал құшқандардан бөлек өмір бойы мүгедек болып қалғандар қаншама... 

Сондықтан осындай келеңсіздіктер санын сәл де болса азайтуға мүмкіндік беретін шаралар теміржол бойында жыл он екі ай тоқтаусыз жүргізіледі. Маңғыстау станциясындағы желілік полиция өкілдері ерікті жастармен бірлесе 8-9 тамыз күндері теміржол вокзалында және перронда жолға шыққалы тұрған жолаушыларды аралап, темір жолдағы қауіпсіздік туралы түсінік беріп, брошюра таратты.

Сонымен қатар теміржол бойындағы болатын түрлі құқықбұзушылықтардың жолын кесу мақсатында әскерилендірілген теміржол күзетінің мамандары жол дистанциясының өкілдерімен бірге рейдке шықты. Олар темір жолдың белгіленбеген жерінен өтіп, қозғалысқа және өз өміріне қауіп төндірген 5 адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 5-бөлігіне сай хаттама толтырды. 

– Тұрғындарға темір жолдың тек белгіленген жерінен ғана жүруді және жолға жақындаған кезде құлақтағы наушникті алып тастауын ескертеміз. Көбі жолдан өткенде телефонмен сөйлесіп бара жатады немесе жастар жағы құлағын тарс бекітіп әуен тыңдап жүреді. Бұл қаншалықты қауіпті екенін жастардың санасына жеткізуге тырысамыз. Сонымен қатар асығып, айналып өтуге ерініп, тоқтап тұрған вагондардың астынан өтуге, үстіне шығуға, жүріп бара жатқан пойыз құрамынан жерге секіруге немесе жабысуға болмайтынын түрлі мысалдармен түсіндірдік, – дейді Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Нұр Қуанов.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады