Карантин талаптары қайта күшейді

Аймақтар
12.08.2022, 11:19
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе теміржол вокзалы еліміздегі соңғы эпидемиологиялық жағдайға байланысты сақтық жұмыстарын күшейтті. Жолаушылар арасында арақашықтықты сақтау, антисептик пайдалану тәртібі қадағаланып жатыр.

Шілде айының соңынан бастап елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейгені мәлім болып отыр. Қоғамдық орындарда карантиндік шаралар мен сақтық жұмыстары күшейтілуде. Тек өткен тәулікте елімізде 1651 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді. Індет жұқтырғандардың дені Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, Ақтөбеде де 100-ге жуық адамның қауіпті індетті жұқтырғаны анықталды. 

– Вокзал – стратегиялық аймақ. Жолаушылардың қауіпсіздігі ең алдымен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондықтан қалыптасып отырған эпидахуалға байланысты халық көп жүретін вокзалдарда сақтық шараларын қайта қолға алдық. Билет кассаларының алдында қашықтықты сақтау тәртібі қадағаланып тұр. Антисептиктер қайта толтырылып, тазалыққа қатты көңіл бөліп жатырмыз. Күніне төрт рет ылғалды тазалау жүреді. Ғимараттың кіреберісіне қойылған компьютерлік бағдарлама бір мезетте 30 адамның дене қызуын өлшей алады және ол адамдардың қасына жақындамай-ақ, алыстан дене қызуын тексереді, – дейді Ақтөбе теміржол вокзалының басшысы Тойбазар Қуанышев. 

Сонымен қатар, вокзалда қала тұрғындары мен қонақтарын ақпараттандыру мақсатында роликтер көрсетіліп, індеттен сақтануға қатысты радио хабарландырулар сағат сайын өтіп жатыр. Жолаушылардың арасында індет жұқтырған адам анықталса, изоляция бөлмесі де дайын. Ауру анықталған жағдайда жолаушылармен байланысқа түспейтін бөлек есігі бар оқшаулау бөлмесі жабдықталған.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады