Маңғыстау теміржолында күзгі тексеріс жүріп жатыр

Аймақтар
16.09.2022, 10:35
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолында күзгі комиссиялық байқау қыркүйектің басынан басталды. Қазанның жетісінде қорытындыланып, кем-кетік сарапқа салынатын болады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Биыл да Болашақтан басталған байқау 5-9 қыркүйек аралығында Болашақ-Маңғыстау теліміндегі барлық станциялар мен жолайрықтардың жұмысы жіті тексеріліп, мекемелердің қысқа дайындығы пысықталды.  

– Комиссияға Маңғыстау қосалқы бөлімінің басшысы Нәжімеден Ғұбашов төрағалық етуде. Бұл топтың құрамында барлық құрылымдық сала басшылары мен қызметкерлері және ревизорлық аппараты жұмылдырылған. Алдымен шалғай станция бекеттерін сүзіп шығамыз, ал Маңғыстау станциясын ең соңына қалдырып отырмыз. Жалпы, түбек теміржолындағы күзгі тексеріс 23 қыркүйекте аяқталады деп жоспарлануда. Ал 7 қазанға дейін талдау жұмыстары жалғаспақ. Тексеру нәтижелеріне сәйкес талдау жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктерге байланысты іс-шаралар жоспары жасақталады. Кемшіліктерді жою жұмыстары қолға алынады, – дейді Маңғыстау қосалқы бөлімінің өндірістік-техникалық бөлімі инженері Асхат Шарапатдинов.  

Болашақ-Маңғыстау аралығынан кейін комиссия мүшелері аттың басын Құлсары–Бейнеу, Тассай–Бейнеу, Оазис–Бейнеу, Бейнеу–Сай-Өтес, Сай-Өтес–Маңғыстау телімдеріне және Құрық порты станциясы бағытына қарай бұрмақ. Аталған нысандарда инфрақұрылымның, жылжымалы құрамның, өндірістік-техникалық объектілердің, техникалық құралдардың жағдайы сын көзден өтеді.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады