Кәсіподақтағы белсенді жандардың еңбегі зор

Аймақтар
04.10.2022, 11:12
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы теміржол саласында да қоғамдық өмір қайнап жатыр. Салалық кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен іргелі шаралар өткізіліп, теміржолшылардың қызметтен тыс уақыттары да мейлінше тиімді өтуде. Осы орайда кәсіподақ жұмысында белсенділік танытып келе жатқан жандардың еңбегі зор.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Семей ЖТ бөлімшесінде еңбекті қорғау бойынша жетекші инженер қызметін атқаратын Бекзат Кәрімханов – осындай белсенді жастың бірі. Тәуелсіздікпен құрдас, теміржолшылар қаласы Аягөзде дүниеге келген Бекзат о баста елгезек бала болса керек, мектепте, кейін Семейдегі теміржол колледжінде түрлі қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүретін ол сол кезден-ақ кез келген кештің жүргізушісі болыпты. Домбыра, шахмат үйірмелеріне қатысып, спорттық сайыстар жеңімпазы, жайдарманшы, сосын кәдімгідей кәсіби фотограф болыпты. Оркестрде өнер көрсеткен де кезі болған. Осылай ерте ортаға қосылып, өзін-өзі шыңдауы арқасында кез келген жұмысты ұршықтай үйіретін қабілеті де болды. Бүгінде бөлімшедегі кәсіподақ жұмысын жүргізіп отыр. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары жігітті ұжым таңдап сайлаған.  

Алғашқы еңбек жолын өзі оқыған колледжде темір жол бойынша арнайы пәндердің ұстазы болып бастапты. Куратор қызметін де атқарып өзінен сәлақ кіші жастарды тәрбиелеген. Педагогтық тәжірибесі бүгінде темір жолдағы қызметінде үлкен пайдасын тигізуде. Кейін М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша үздік тәмамдап, жоғары білім алды.  

Темір жолдағы алғашқы қызметін Семей ЖТ бөлімшесінің Жаңа-Семей станциясында бағыттама кезекшісі болып бастайды. Қысқа мерзім ішінде бағыттама қосыны кезекшісі, осы станцияның «А» қосынының станция бойынша кезекшісі болып бірнеше саты жоғарылады. Сондай-ақ, Семей вокзал шаруашылығының 1-ші категориялы инженері, Семей ЖТ бөлімшесінің қоршаған ортаны қорғау бойынша инженері, еңбекті қорғау бойынша жетекші инженер лауазымдарына сатылай өсіп,тәжірибесін арттырды. 2019 жылы өндірістік жарақаттануға жол бермегені үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.  

Кәсіби өмірдегі жетістігінің өзі жас буынға үлгі боларлықтай. Атап айтсақ, «Болашақ басқарушылар» бағдарламасын игеріп, ұлттық компанияның ішкі жаттықтырушылар пулын құру және дамыту бағдарламасы бойынша өткен сайыстың жеңімпазы атанды. Сертификатталған ішкі жаттықтырушы атағын алды.  

– Бекзат Нұрланұлы – кәсіби қызметте ғана емес, қоғамдық қызметте де жетістікке жеткен жан. Сала кәсіподағына сіңірген қызметі үшін «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оразғали Ахметбаевтың алғыс хатымен марапатталса, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС кәсіподақ филиалының төрағасы Е.Төлегеновтің құрмет грамотасын алды, кәсіподақ жетекшілеріне оны үлгі тұтып, Бекзаттай белсенді болса бәріне қол жеткізуге болады дейміз, – дейді кейіпкеріміз жайлы пікір білдірген бөлімшенің салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Алик Досанов.  

Қорыта айтсақ, кәсіподақ белсендісі Бекзатты бүгінде шығыстағы барлық теміржолшы біледі. Өз қызметін қоғамдық жұмыстармен қатар алып келе жатқан, теміржолшылар мүддесін бәрінен жоғары қоятын жігерлі жасты жергілікті теміржолшылар мақтан тұтады.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады