Кәсіподақ жетекшісі: Сенім үдесінен шығу – міндет

Аймақтар
04.10.2022, 13:08
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясында 36 жыл үздіксіз еңбек етіп келе жатқан электромеханик Марат Әбілхайыров – ұжымға сыйлы азаматтардың бірі. Сондықтан әріптестері өткен жылы оны кәсіпорындағы кәсіподақ ұйымының төрағалығына бірауыздан сайлады.

Байырғы байланысшылар дистанциясының ұжымында әу бастан татулық пен ауызбіршілік салтанат құрған. Бұл оларға алдыңғы буыннан сіңген қасиет болса керек. Мысалы, кәсіпорын есебінде өндірістік жарақат алған үш мүгедек жан бар, ұжым мүшелері оларды қамқорлықтарына алып, ұдайы көмектесуді дәстүрге айналдырған. Одан басқа ардагерлер мен жалғызілікті қарттарға мерекеде әлеуметтік себет дайындау да салтқа айналған. Кәсіподақ осы жұмысты тұрақты назарда ұстайды.  

– Әрине, әріптестерім сенім білдірген соң оның үдесінен шығу – міндет. Жыл басталғалы жоспар бойынша түзген жұмыстарды орындап жатырмыз. 120-ға жуық зейнеттегі ардагерлермен жиі хабарласып, тиісті көмегін беріп отырмыз. Көп балалы отбасылар да назарда. Атап айтқанда, Гүлнар Рахымберденова деген қызметкеріміз «Алтын алқа» иегері. Жақында ғана басталған «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында үш отбасына оқу құралдарын алып бердік. Жылына 7-8 қызметкер зейнетке шығып жатады, ер азаматтардың 60, әйелдердің 55 жасын да ескерусіз қалдырмаймыз. Көктемде облыс орталығындағы мүгедек балалар интернат үйіне барып, қайырымдылық көмек жасадық. Ал жастарымыз көктемгі-күзгі санитарлық тазалық айларында жалғызбасты қарттардың ауласын тазалап, алғыс алып жүр, – дейді Марат Қайыржанұлы.  

Ұжым мүшелері саламатты өмір салтын ұстанып, тұрақты түрде спортпен айналысудан алдарына жан салмайды. Кәсіпорын қызмет көрсететін Шу, Жаңатас, Түлкібас аймағы және Тараздың өзінен екі команда болып жыл сайын әр тоқсанда кіші футболдан жарыс өткізуді дәстүрге айналдырған.  

– Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс болып жылдың төрт мезгілінде ойындар өткізіп, спортшыларды қаржылай және материалдық тұрғыда қолдап келеміз, – дейді кәсіподақ жетекшісі.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады