Семейде күзгі бақылау жұмыстары аяқталды

Аймақтар
07.10.2022, 10:26
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша күзгі комиссиялық байқау жұмыстары аяқталды. Қыркүйектің 12-ші жұлдызында басталған тексеру шаралары 30 қыркүйекте қорытындыланды.

Биылғы бақылау жұмыстары біршама ұзаққа созылды. Оған себеп көп, бірқатар телім мұқият сүзгіден өткізіліп, жіті тексерілді. Қысқы мезгілде сыр беруі мүмкін участоктарда шаруашылық ревизорлары ұзағырақ аялдап, жанжақты жұмыс жүргізді. Мәселен, биылғы жазда бірнеше мәрте ақаулық орын алған Защита – Күмістау телімдері мен жыл басынан бері транзиттік пойыз ағыны күрт артқан Семей-Локоть бағытындағы «солтүстік тармақта» бақылаушылар «май шаммен» қараған мәселелер қатары өте көп болды.  

Ең алдымен қызметтік вагонмен Ақтоғай–Аягөз бағытын сүзіп шыққан ревизорлар, өндірістік-техникалық бөлім қызметкерлері, бөлімдер басшылары аймақтағы жазғы жұмыстарды қорытындылап, қысқа даярлық барысын таразылады. Содан кейінгі кезекте Жарма–Шар, Шар–Жаңа-Семей телімдерінде де айрықша назар аударуды қажет ететін бірнеше мәселе болды. Бұл аймақтарда жазғы мезгілде бірқатар толаскездер өткізіліп, жол табаны жаңарған болатын. Ал, елдің қиыр шығысындағы Алтай учаскесі мен Локоть-Шемонайха, Өскемен-1–Риддер телімдері ең соңғы кезекте мұқият тексерілді.  

Байқау барысын талқылаған тораптық жиындар Аягөз, Шар, Шемонайха станцияларында өтіп, атқарылған жұмыс жан-жақты сараланды.  

– Негізінен шағын станциялар мен жол айрықтарына баса мән берілді. ЦЗ-1 Қанат Әлмағамбетовтің №00029 А телеграфтық нұсқауын басшылыққа ала отырып теміржол саласына қатысты барлық мәселе назардан тыс қалмады, – дейді бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімінің мамандары.  

Күзгі тексеру анықтағандай, қазіргі күндері барлық станциялар мен теміржол мекемелері қысқа даярлық жасаудың соңғы сатысына көшуде. Ғимараттар, желі бойындағы жекелеген нысандар, модульдер мен байланыс құрылғыларының қатал маусымға әзірлігі аяқталуға жақын. Барлық мекемелер дерлік көмірмен қамтылған, өрт қаупі тексерілді. Енді бөлімшеде 7 қазанда өтетін күзгі комиссиялық бақылаудың қорытынды жиынында жалпы ахуал кең көлемде сарапталып, талқыланады. Онда бөлімше ревизорлары мен өндірістік-техникалық бөлімнің мамандары арнайы баяндама жасап, нақты шешім қабылданатын болады.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады