Теміржолшылар тазалық акциясына қатысып жатыр

Аймақтар
11.10.2022, 10:26
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбелік теміржолшылар екі айға созылатын «Жаңа Қазақстан – таза Қазақстан» тазалық акциясына қатысуда.

«ҚТЖ-ЖТ» ЖШС «Батыс» филиалының ғимаратында отырған Ақтөбе жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерінің ұжымы өткен сенбіде жаппай сенбілікке шықты. Олар теміржол ғимаратының ауласын, сол маңдағы көшелерді тазалап, жапырақтар жиналып, өңі кеткен бағаналар сырланды.  

«Ақтөбе – батыс өңіріндегі ірі қала. Қаламыздың тазалығына әр тұрғын жауапты. Соның ішінде теміржолшылар мұндай шарадан қашанда қалыс қалған емес. Аумақты тазалау жұмыстары тұрақты жүргізіледі», – дейді Ақтөбе магистральдық желі бөлімі директорының орынбасары Темірғали Көштаев.  

Республика көлемінде жарияланған екі айлық санитарлық-тазалық жұмыстары теміржол мекелерінде осыған дейін де өткен. Бұл жолы ауқымды түрде, екі бөлімшеден 50 адам қатысқан сенбілік болды. Теміржолшылар үшін тазалық жұмыстары тек сенбілікпен шектелген емес. «Таза бейсенбі» акциясы да мекемеде неше жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырады.  

Қазақстан темір жолы ғимаратының айналасы – жергілікті тұрғындардың сүйікті серуен орны. Қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова атындағы даңғылда орналасқан теміржолшылар ғимаратының алдында шағын сквер бар, жаз бойы субұрқақ салқындатып тұрады. Балалар алаңы да бар. Кешкілік қаланы безендірген жарық шамдар бұл жерге ертегілер әлеміндей ерекше сән береді. Сондықтан теміржолшылар ғимаратының алды күндіз де, түнде де қала тұрғындарына толы.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады