Кәсіподақ белсенділері марапатталды

Аймақтар
14.10.2022, 10:18
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Сала кәсіподағының 30 жылдығына орай Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде арнайы жиын өтіп, онда аймақтағы кәсіподақ белсенділері марапатталды.

Бөлімше басшысы Аслан Базарғалиев көпшілікті сала кәсіподағының 30 жылдығымен құттықтап, жұмысшы мүддесі үшін жүргізіп келе жатқан еңбектеріне табыс тіледі. Бөлімше бойынша кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұрбол Нұрышев ұйымның биылғы жылдың 9 айында атқарған жұмысына шолу жасап, ұжымдық шарттың орындалуы, жұмысшының еңбек құқықтары мен мүддесін қорғау, зейнеткерлерге, аз қамтылған отбасыларға көмек, балалар демалысы, т.б. әлеуметтік тақырыптарға тоқталды.  

Атырау локомотив пайдалану депосының кәсіподақ жетекшісі Боранбай Қамиев сала кәсіподағының өткен тарихына шолу жасай келе, қызметкерлерге арналған ҚТЖ компаниясының ұжымдық шарты еліміздегі алдыңғы қатарлылардың бірі деп бағалады. Сондай-ақ ол ұжымдық шартты жетілдіре түсіп, кәсіподақ ұйымдарының мекеменің табысын бөлуге және пайдалануға қатысуына қол жеткізу, зиянды факторлармен жұмыс істейтін жұмысшыларға спорттық сауықтыру лагерлеріне жеңілдікпен жолдама беру, ұжым мүшелерін жұмысқа және үйге көлікпен тасымалдау, әр мекемеде велотұрақтар жасақтау, мәдени шараларға қаржы бөлу қажеттігі туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Бұл ұсыныстарға қатысушылар да қолдау білдірді.  

Содан кейін атаулы датаға арнайы шығарылған «30 жыл бірлікте» мерейтойлық медальмен белсенді кәсіподақ мүшелерін марапаттау рәсімі өтті. Олар станция, дистанция, деполардағы кәсіподақ ұйымы төрағалары, цехкомдар – барлығы 30 адамның өңіріне төсбелгі тағылды. Мерейі үстем болғандар қатарында Құлсары байланыс дистанциясынан А.Өміров, Теңдік станциясында құжат өңдеуші, цехком А.Берікқызы, Доссор станциясының тауар кассирі, пофгруппорг Ж.Есеғалиева, «Қазтеміртранс» АҚ филиалының өндірістік-техникалық бөлім бастығы А.Әбішева, т.б. теміржолшылар болды.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады