Теміржолшы баптап қосқан тұлпар бәйгеден бірінші келді

Аймақтар
14.10.2022, 10:39
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Амандық болса, тағы бірнеше жылдан кейін елдің бір шетінде орналасқан аядай ғана Болашақ станциясының атын әлемге әйгілі етер шабандоз өсіп келеді. Ол Саясат есімді 11 жасар жеткіншек. Талабы таудай ұл теміржолшының отбасында тәрбиеленуде.

Жақында облыстық деңгейде өткен тай жарысында бас жүлдені жеңіп алған Саясаттың жеңісіне бүкіл Болашақ халқы қуанды. Оның ішінде, әрине, әкесі еңбек ететін теміржолшылар ұжымы алдымен. Кіл жүйрік жылқы тұқымдарынан шыққан 32 тайдың арасынан Саясат Аюповтың қылқұйрығы бірінші келгені қазақтың атбегілік өнерін дамытып келе жатқан Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының қызметкері Нұржігіт Аюпов еңбегінің жемісі деп білген жөн. Теміржолшының баптап қосқан тұлпарлары да, шабандоз баласы да жерге қаратпады. Тұлпарлары дегеніміз, осы аламанда тай жарысынан бірінші орын алса, 24 шақырымға жарыстан теміржолшының тағы бір бәйге аты бесінші орыннан көрінді. Құланды ауылының 40 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылған атшабысқа ол адай тұқымды «Ынтымақ» атты тайы мен «Шаһар» атты бес жасар бестісін баптап қосқан.  

– Бұл – біз үшін үлкен мерей, зор қуаныш. «Болар баланың бетін қақпа, белін бу» дейді. Сондықтан біз де шабандоз өренімізге шабыт сыйлап, алғысымызды білдіру үшін мектепке барып құттықтадық. Ауыл әкімі алғыс хатпен марапаттап, теміржолшылар сыйлықтарын табыстады. Естуімізше, Саясаттың ұлттық өнермен айналыса бастағанына үш жылдай болыпты. Аз ғана уақыттың ішінде осындай нәтиже көрсетуі – бапкері мықтылығының және өзінің алғырлығының белгісі. Баласы мен аттарын баптап, бәйгеге қосып жүрген замандасымыз Нұржігіт Аюпов Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясында екі жылдан бері еңбек етеді. Жұмысына қоса жылқы шаруашылығымен, атбегілікпен айналысады. Бұл – оған атадан балаға мирас болған кәсіп. Ұлын да соған шыңдап жүрген жерлесіміздің еңбегі жана берсін дейміз, – дейді Болашақ станциясының басшысы Мақсат Нұрбеков.  

Саясаттың айтуынша, бәйгеден бас жүлдені алған тайы мұндай аламанға алғаш түсіп тұр екен. Ілкі қадамын осындай сәттілікпен бастаған «Ынтымағынан» шабандоз жеткіншектің күтері көп. Арманы – қазақтың ұлттық өнерін дамытуға үлес қосып елге танымал шабандоз болу.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады