Қостанайлық теміржолшылар жүргізушілерді өткелде мұқият болуға шақырды

Аймақтар
04.11.2022, 11:51

Қостанай магистральдық желі бөлімшесінің өкілдері көлік полициясымен бірлесіп Қостанай Южный станциясында орналасқан 287 км өткелде профилактикалық рейд жүргізді. Іс-шара темір және автомобиль жолдарының қиылысатын жерлеріндегі ЖКО азайту мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Акцияны ұйымдастырушылар автокөлік жүргізушілеріне өткелдер бар учаскелерде жол қозғалысы ережелерін сақтауға және өзінің және басқа адамдардың өміріне қауіп төндірмеуге шақырды.  

Теміржол өткелдері пойыз қозғалысының жоғары қарқындылығына және жүк ағынының артуына байланысты жүргізушілерден ерекше назарды талап етеді. Дегенмен, кейбір автокөлік жүргізушілері әлі де жақындап келе жатқан құрамның алдынан өтуге тырысады.  

Жүргізушілерге пойыздың тежегіш жолы төмен жылдамдықта да 1000 м-ге жетуі мүмкін екендігі туралы хабарланды.Минутты үнемдей отырып, жүргізушілер теміржол өткелдерінде төтенше жағдайлар туғызып жатады.    

Жыл басынан бері Қостанай жол бөлімшесінің қызмет көрсету шекарасындағы темір жол өткелдерінде 6 ЖКО орын алды. Негізгі себеп - қозғалысқа тыйым салу белгісін елемей, өткелдерді кесіп өтетін жүргізушілер тәртібінің төмендігінен.  Барлық ЖКО кезінде өткелдердегі дабылдар дұрыс жұмыс істеді, Бағдаршамдар белгі берулері, жолдар мен төсемдер барлық талаптарға сай болды.  

Жүргізушілердің өткелдерге асығуы темір жолдарының зақымдануына, жылжымалы құрамның немесе тіпті локомотивтің жолдан шығуына әкеледі. Әрбір ЖКО жолаушылар мен жүк пойыздарының кешігуіне әкеп соғады.

Әрбір осындай жағдайдан кейін теміржолшылар өткелдің және жүру бөлігінің жай-күйін оған жақындағанда тексереді.

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды