Теміржолшылардың кітапханасы тұрақты жұмыс істеп тұр

Аймақтар
15.11.2022, 09:57
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі Ғылыми-техникалық орталығына қарайтын техникалық кітапхана Байзақ батыр көшесі №168 мекенжайындағы бес қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Бұл көшеде теміржол мекемелері көп орналасқан және тұрғындарының дені – байырғы, ардагер теміржолшылар.

Екі бөлмеге орналасқан кітапхана тұрақты жұмыс істеп тұр. Бір бөлмесі техникалық кітаптар мен ғылыми-техникалық құжаттарды қосқанда 26 905 кітап қоры жинақталған кітапхана болса, екінші бөлмесінде Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің архиві сақтаулы. Бұдан бөлек Шу және Сарышаған станцияларында филиалдары бар.  

Техникалық кітапхананың бас техникалық кітапханашысы Жәнібек Рысбековтің айтуынша, бүгінгі күні кітапхана қызметкерінің айлық-жалақысы мен нысанның коммуналдық төлемақысын тікелей Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі төлеп отырғанымен, басқару, ақпараттық демеу – соңғы алты айдан бері Астанадағы Азаматтық құқықтық (ГПХ Гражданско-правовой характер) орталығына тәуелді екен.  

– Бір кездері оқырмандарымыз есігімізді ашпай кеткен күндер де болды. Тек күніне бір-екі зейнеткер келіп тұратын. Қазір оқырмандар қатары артты. Және жас мамандардың көп келетіні қуантып отыр. Бұған себеп, «NUR» KZ сайтына жаңа жұмыс орнына конкурс жариялағанда жас мамандар «әңгімелесуден» өтеді. Онлайн жүйесі арқылы өтетін бұл шараға Астанадағы комиссия мүшелері де «ZOOM» арқылы қатысады. Сондықтан, мамандар сынақтан сүрінбей өту үшін өздеріне керекті тақырыптарды бізден тауып, дайындық үстінде болады. Бұған тағы бір себеп – ғаламтордағы кей мәліметтердің дұрыс шықпауы. Оның үстіне біз теміржолшылар сұраныстарын қанағаттандыру үшін керекті техникалық газет-журналдарға жазылып отырмыз. «Гудок», «Қазақстан теміржолшысы», «Қазақстанда еңбекті қорғау», «Кадры», «Труд», «Қазақстандағы мамандар анықтамалығы» газет-журналдарына сұраныс басым, – дейді Жәнібек Есмұратұлы.  

Жәнібек бұл салаға 2018 жылы мүгедектікке шыққан соң денсаулығына байланысты келген екен. 2004 жылдан бері болат жолда еңбек еткен. Уақытында «Достық» станциясында, «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалында қозғалыс қауіпсіздігі бойынша пойыз диспетчеріне дейін көтерілген. Сондықтан сала жұмысы оған өте таныс және ыстық.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады