Өскемен дистанциясының теміржолшылары 30 000 текше метрден астам қар тазалады. «Семей» МКҚК «Өскемен-1» темір жол торабы қызметкерлері вокзал жолдарын тазалау жұмыстарын ұйымдастырды. Жалпы 3,2 мың шақырым жол қардан тазартылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Теміржолшылар тынбай еңбек етіп, пойыздар қозғалысын тоқтатпау үшін маңызды инфрақұрылым нысандарындағы қар жедел түрде шығарылуда.

Негізгі міндет – теміржол жолдарын қардан тазарту, қар үйінділерін жою. Қар тазалауға арнайы техника тартылған: СДПМ, СТРУГ тазалау машиналары және СМ қар тазалаушы. Бұл жабдықталған машиналар алаңдарды механикалық тазалауды жүзеге асырады. Техниканың қолы жетпейтін жерлер қолмен тазартылады.





