Түбек теміржолшылары зейнетке шыққан әріптестеріне құрмет көрсетті

Аймақтар
27.12.2022, 10:51
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау техникалық қызмет көрсету пунктінің қызметкері Галима Қайырова құрметті зейнет демалысына шықты.

Қырық жылға жуық өмірін осы мекемеде өткізген жанды түбек теміржолшылары зейнетке салтанатпен шығарып салды, әсіресе жастар жағы «жұмыстағы аналарымен» қимай қоштасты.  

Галима Қайырқызы 1962 жылы Түркіменстанда туған, ерлі-зайыпты Мамбет пен Сәнім «сигналистер» болған екен. 1980 жылы жары Жұмабек Якупбаевты жолықтырып, отау құрған екі жас қол ұстасып атажұртқа келеді. 1984 жылы Маңғыстау вагон депосына слесарь болып орналасқан Галима уақыт өте келе вагон қараушы, жөндеуші де болады. Таңның атысы, күннің батысы демей құрал-сайманын асынып, түзде жүрді. Бірнеше жылдан соң операторлық қызметке ауысып, міне, зейнет жасына жеткенше еңбек етті.  

Құдай қосқан қосағымен өмірде ғана емес, жұмыста да жұптары жазылмай біраз жыл бірге жүрді. Ол кісі де вагон шаруашылығының маманы, ТҚКП бастығы болды, ертерек өмірден өтті. Жан жары дүние салған соң артында қалған төрт ұлы мен екі қызына, немерелеріне бас болып қалды. Ұлдарының төртеуі де ата-ана ізімен теміржолшы мамандығын таңдады. Тұңғышы Жеткізген қозғалыс қауіпсіздігінің бас маманы болса, екінші ұл Жалғасқан пойыздар қоғалысының диспетчері. Бұл шаңырақтың атын бүкіл Қазақстан темір жолына танытқан кенже ұлы Жанарбек, жас болса да бірнеше рет «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапатталған маңғыстаулық вагон қараушы көпшіліктің есінде болар.  

– Соншама жыл күнделікті әдет болып қалған жұмыстан қол үзуге үйрену қиын шығар, дегенмен бұл күнге жеткізген Аллаға шүкір деймін. 23 желтоқсаннан бастап зейнетке шығып жатырмын. Ендігі уақытты немерелердің тәрбиесіне арнап, балаларыма көмектесемін, – дейді аяулы ана.

Галима Қайыроваға ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін алғыс айтқан бөлімше бастығы Нәжімеден Ғұбашов оның өнегелі өмірін жастарға үлгі етті.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады