Семейлік теміржолшылар қар тазалау жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр

Аймақтар
13.01.2023, 09:34
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Қоян жылы шығыстағы теміржолшылар үшін қарбаласпен басталды. Әсіресе қаңтардың алғашқы онкүндігі үлкен сынақ болды. Жаңбырдан кейінгі көктайғақ, қарлы боран мен бөлімшеге қарасты кейбір өңірлердегі бір метрге жуық түскен ақ ұлпа жұмыс көлемін ұлғайтып, қосымша шешімдер қабылдауға мәжбүр етті.

Қазіргі таңда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша барлық желі бойында, әсіресе жолшылар еңбегі қауырт. Барлық мекемелер қалың қар, қарлы боранның салдарын жоюға қатысуда. Әсіресе қар басып қалатын Аягөз, Жаңа-Семей жол дистанциялары ерекше күш салуда.  

– Желтоқсан айынан бастап қар сенбіліктерін тұрақты өткізіп тұруды қолға алған болатынбыз, дегенмен соңғы аптада қар толассыз жауғандықтан күшейтілген режимде жұмыс жасап, күн сайын қар тазалауға жұмылуымызға тура келді. Бүгінгі таңда бұл шараларға желі бойындағы барлық теміржолшылар жұмылдырылған. Бірінші кезекте станциялық жолдар мен бағыттамалы бұрмалар толықтай қардан тазартылды. Үлгеріп жатырмыз, – дейді бұл орайда Семей магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастығы Қайыргелді Ахметжанов.  

Метеорологтар мәліметіне сүйенсек, Аягөз, Жарма өңірі бойынша қар айлық нормадан әлдеқайда көп түсіпті. Сол себепті де «қыс шілдесіндегі» қармен күрестің маңыздылығы артып отыр. Дәл бүгінгі күнге дейін бір ғана Аягөз өңірі бойынша СМ-2 техникасының күшімен 4 960 текше метрден астам қар шығарылған. Бұл соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш болып отыр. Сол себептен жұмыс күші молайтылып, қосымша теміржол платформалары алынған.

– Өткен сенбі күні барша аягөздік теміржолшылар жұмыла сенбілік өткіздік. Барлық жұмыс қозғалысқа кедергі келтірмес үшін жол диспетчерінің нұсқауымен жүзеге асырылады. Алдағы уақытта да жұмысты осы әдіспен ұйымдастыратын боламыз, – дейді Аягөз жол дистанциясы техникалық бөлімінің бастығы Болат Мустафинов.  

Дәл бүгінгі таңда Құрметті теміржолшы Рахат Ботаспаевтың жетекшілігімен Семей жол дистанциясының теміржолшылары орман ішіндегі Белағаш, Ауыл, Дүйсекен станцияларында қар тазалауда екен. Жолшыларға локомотившілер мен станциялықтар да көмектесіп жатқан көрінеді.  

Жалпы, қар сенбіліктері мен қар тазалау жұмыстары НЖС-6 басшысы Айдын Шәуежановтың назарында тұр. Барлық мекемелер күн сайын шығарылған қар туралы арнайы есеп өткізіп отырады.  

Мұнымен қатар бөлімшеге қарасты барлық желі бойындағы жол айрықтары мен околодкаларды, шағын станциялар жолын, горловиналарды да жолшылар дер уақытында қардан аршып үлгеруде. Әрбір боранды түннен кейін жол монтерлары шалғай станциялар бойына сапарға шығып, жергілікті теміржолшыларға жәрдемдесуде. Сонымен қатар, жол бойындағы байланыс құрылғылары, құбырлар, көпір асты сай-салалары, станциялық жолдар, перрондар, қызметтік өткелдер алдымен тазартылып, назарда ұсталады.  

Қар сенбіліктері мен тазарту жұмыстарына СМ-2, СМ-7Н, СМ-5, ПСС-1 сынды қар тазалау техникасы мен қар жинағыш пойыздардың тиімділігі мол болып тұр. Биылғы қысқы маусымға мұндай техниканың 13 бірлігі толық даярлықпен кіргізіліпті. Сол тәрізді бөлімше көлемінде ФРЭС-2, ЭСО-3 типті қар жинауыш техникалар арнайы бекітілген тепловоздардың көмегімен сынақтан өткен. Бұл техникалардың көмегі әсіресе ПЧ-42 үшін аса маңызды болып тұр. Десек те, кей жерлер тек қолдың күшін қажет етеді. Қысқасы, теміржолшылардың ерен еңбегінің арқасында Шығыстың қытымыр қысы пойыздар қозғалысына кедергі келтірмеген.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады