Өткелдер мәселесі өткір тұр...

Аймақтар
15.05.2023, 14:57
Суреттерді түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей Жүк тасымалы мен Магистральдық желі бөлімшесі бойынша теміржол өткелдерін барлық талапқа сай ету, соның ішінде асфальт жабындысын тексеру жұмыстары қолға алынуда.  

Жуырда қос бөлімше басшылары Владимир Бабиченко мен Айдын Шәукежанов бастаған арнайы топ қала ішіндегі жол өткелдерін аралап, техникалық ахуалын тексерді. Бөлімше бойынша тұңғыш рет кең көлемде ұйымдастырылып отырған   комиссиялық бақылауға жол, белгі беру және байланыс дистанциялары басшылары, мамандары және желілік полиция мен облыстық, қалалық әкімдіктің автомобиль жолына жауапты өкілдері қатысты.  

Тексеруші топ негізінен жол өткелдеріндегі асфальт жабынына назар аударды. Жалпы, осыған дейін мұндай орындарда, яғни рельстер аралықтары мен түйіспелері маңында теміржолшылардың өз күшімен ғана жеңіл-желпі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алайда, жол төсемі бүгінгі күндері әбден тозғандықтан шұңқырларды жамап-жасқаудың өзі мүмкін болмай барады. Үгітіліп, ойдым-ойдым бола бастаған мұндай орындарға қалалық әкімдік тарапынан ешқандай күрделі жөндеу жүргізілмейді. Сол себепті кейбір жол өткелдері теміржолшылар қауымының алаңдаушылығын тудыра бастаған. Оның үстіне бүгінде автокөлік ағыны артып, жолға түсетін салмақ та әлдеқайда ұлғайған.

Өткелдер кезекшілері рельсті жол үстімен өтетін автокөліктер шұрық-тесігі шығып жатқан жолдан өтерде жүре алмай, кібіртіктеп қалатынын айтады. Мұның арты бір күні қайғылы жағдайға апарып соғуы әбден мүмкін деседі олар.    

Тексеру барысында анықталғандай, көліктер ағыны толас таппайтын Семей қаласының ішіндегі он шақты жол өткелдеріне жаңадан асфальт жайып, кейбірінің тозығы жеткен төсеніш резиналарын ауыстыру қажет екендігі нақтыланды.  

– Анықталған кемшіліктерді жойып, мәселені  уақыт оздырмай жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп шешу қажет. Бүгінгі көшпелі тексеру жұмыстарының негізгі мақсаты да сол, – деді бұл орайда пікір білдірген бөлімше басшысы Владимир Владимирович.  

Тексеру қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданды: Семей магистральдық желі бөлімшесі басшылығы үш күн ішінде қаладағы теміржол өткелдерінің техникалық ахуалы және де оларды жөндеуге қажетті материалдар бойынша арнайы хаттама әзірлеуі тиіс. Сондай-ақ, Абай облысы әкімі орынбасарының қатысуымен арнайы кеңес өткізіліп, теміржол өткелдерін талапқа сай ету жайы кең көлемде талқылануы тиіс.  

 

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл