Бейнеуде Теміржолшылар күні ерекше аталып өтті

Аймақтар
03.08.2023, 11:31
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі Маңғыстау теміржолының Бейнеу станциясында ерекше атап өтілді.  

Бейнеу жол дистанциясы басшылығы және кәсіподақ ұйымының ұйытқы болуымен аудандық мәдениет үйінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, теміржолшылар марапатталды.  

Тоғыз жолдың торабында орналасқан, зейнетінен бейнеті көп Бейнеуде жұмыс істейтін теміржолшылардың, әсіресе жол мамандарының еңбегі ерең. Сол еңбек адамдары бұл күні ұлықталып, бір сәтке болса да тынығып, көңіл көтерді.  

Шалғайдағы әріптестерін құттықтап, қуанышына ортақтасуға Маңғыстау қосалқы бөлімінің бастығы Нәжімеден Ғұбашов пен Орталық кәсіподақ ұйымының Маңғыстаудағы өкілі Сәрсенбай Есенқұлов та барды. Бейнеулік жұмысшыларға жүрекжарды ақ лебізін арнаған олар еңбегіне табыс тілеп, саланың өркендеуі жолында қосып жүрген үлесіне алғысын айтты.  

Үздік қызметкерлерге түрлі деңгейдегі марапат пен сыйлықтарды табыстады.  Теміржолшылар күніне орай аталған шарадан бөлек спорттық жарыстар да өткен еді. Осы күні оның да жеңімпаздарының аты аталып, сый-сияпатқа бөленді.  

Аталған іс-шараны Бейнеу жол дистанциясының бастығы Ерназар Ізтұрғанов пен дистанцияның кәсіподақ ұйымы төрағасы Мұстафа Қожбанов жоғары деңгейде ұйымдастырып, тартымды өтуіне  атсалысты.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады