Шымкенттік теміржолшылар кәсіби мерекесін атап өтті (Фото)

Аймақтар
07.08.2023, 12:27

Шымкент көлік колледжінің акт залында Көлік қызметкерлері күніне арналған мерекелік салтанат аймақ теміржолшыларының есінде ұзақ уақыт сақталары анық.  

Бір ғасырдан астам тарихы бар бұл сала жыл сайын көлік қызметкерлері күні қарсаңында жаңа белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көрінуде. Биылғы жетістік те көңіл көншітерлік. Бұл жайында «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Алғазы Қойлыбаев өз баяндамасында айтып өтті. 

Сондай-ақ бөлімше басшысы «Құрметті теміржолшы» атағына ұсынылған Арыс жол дистанциясының телім бастығы Рамат Бердібекке  төсбелгісін табыс етті. «Үздік басшы» төсбелгісімен Арыс материалдық қамтамасыз ету базасының бастығы Ақтөреев Әзімбек және Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясының бастығы Қасымбеков Болат марапатталса, «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісімен Шымкент жол дистанциясының жол бригадирі Бегімбетов Сәрсенбек және Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының аға КТСМ электр механигі Добанов Анарбек, «Үздік маман» төсбелгісімен Арыс жол дистанциясының бас инженері Сәдібеков Қалдарбек, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының байланыс электр механигі Жидебаев Өскенбай мен Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының Түлкібас қосалқы тарту станциясының бастығы Қазбеков Мырзабай, «Кәсібі бойынша үздік» белгісімен Түркістан вокзалының анықтама беру бойынша кезекшісі Ахабаева Шәрбан мен Арыс жол дистанциясының жол шебері Бегімбетов Маханбетқұл марапатталды. Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ  Басқарма төрағасы мен «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы  басшылығының  Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын алып, мерейі өскен сала қызметкерлерінің қатары мол болды. «ҚТЖ» ҰК АҚ «Үздік мамандар» құрмет тақтасына Шымкент жол дистанциясының жол шебері Жүніс Кұлымбетовтің  суреті ілінетінін де аймақ теміржолшылары қол соғып қуанышпен қабылдады.  Салтанатты кеште оңтүстікке танымал әншілер мен сатира театрының актерлары өнер көрсетті.

Бұл күні Шымкент жүк тасымалы бөлімшесінің ұжымы «Дәстүр» мейрамханасында кәсіби мерекені атап өтті. Бөлімше бастығы Нұрдәулет Байғазиев сала еңбеккерлері мен ардагерлерді атаулы күнмен құттықтап, үздіктерді марапаттады. «Құрметті теміржолшы» белгісіне Түркістан станциясының вагондар қозғалыс жылдамдығын реттеуші Сариев Ералы Әбдутәліпұлы ие болды.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады