Үздік вагон қараушы анықталды

Аймақтар
25.09.2023, 11:38
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы вагон пайдалану депосының теміржолшылары аймақтағы үздік вагон қараушыны анықтады. Мұндай доданың талайында нағыз вагон қараушыға тән қырағылықпен айласын асырып, озық тәжірибесін көрсете білген Қызылорда техникалық қызмет көрсету бекетінің вагон қараушы-жөндеушісі Рысбек Оразалиев жүлделі 1-орынды қанжығалады.  

Компанияның Қызылорда ЖТ бөлімі мен Қауіпсіздік департаментіне қарасты Қызылорда учаскесінің ревизорлар аппараты басшылығымен бірлесіп  ағымдағы жылда қозғалыс қауіпсіздігін нығайтуға арналған профилактикалық шаралар жүргізу жоспары бойынша депоның үздік теміржолшылары арасында «Үздік вагон қараушы» сайысы өтті. Биыл Түркістан мен Сексеуіл станциялары арасындағы депоның вагондарды бақылау пункіттерінде жұмыс жасайтын вагон қараушы-жөндеушілердің ішінен ең үздік, ең тәжірибелі әрі ең білімді деген 8 үміткерін Қазалы станциясындағы депо орталығына жолдаған вагоншылар әріптестерінің байқауда бағы жанып, ең үздігі болуына жанкүйер болып, қолдау көрсетті. Депо бастығы Арғын Орымбаев, кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақытжан Ибрайым, басшы орынбасарлары мен тәлімгер, инструкторлардың 2 сатылы сынағына түскен вагон қараушылардың барлығы жинаған тәжірибелерімен бөлісіп, теориялық білімін дәлелдеп шеберліктерін байқатты.

– Бүгінгі екі турдан тұратын үздіктер сынағына қатысқан вагон қараушы-жөндеушілер шын мәнінде депоның мақтаныштары. Олар осыған дейін өздері жұмыс жасайтын бақылау бекеттерінен ақаулы вагонды өткізбей таба білген тәжірибелі теміржолшылар. Алғашқы турда теориялық білім сынға салынды. Екінші емтихан кезінде ағымдық жөндеу тұйығында (АЖТ) тұрған №24474280 вагонының тахникалық жағдайын қарап, оның техқұжатқас сәйкес емес тұстарын практикалық тұрғыдан анықтады. Бұл вагон қараушының бекетке аялдаған вагондарға күнделікті техқызмет көрсету әрекеттері сараланған сынақта үміткерлердің барлығы шеберліктерін дәлелдей білді. Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін нығайтуға арналған профилактикалық шаралар санатындағы мұндай сынақтар әріптестерімнің өз кәсібін жан-жақты меңгеруге машықтандыра түседі, – деді байқаудың қазылар төрағасы, депо бастығы Арғын Орымбаев.

Сынақ нәтижесінде Шиелі техникалық қызмет көрсету бекетінің вагон қараушы-жөндеушісі Табиғат Абдураев жүлделі 3-орынды иеленді. Қазалы ТҚКБ вагон қараушы-жөндеушісі Серік Шаден жүлделі 2-орынға шықса, өзгелерден өз тәжірибесі мен біліктілігімен асып түскен Қызылорда ТҚКБ вагон қараушы-жөндеушісі Рысбек Оразалиев жүлделі 1-орынды қанжығалады. Мұнан бөлек Сексеуіл станциясындағы техқызмет көрсету бекетінен Қайырбай Нұрсейтов, Болатбек Сансызбаев, қазалылық Айбек Қараманов, Нұрсұлтан Бақытжанұлы, Тереңөзектегі бақылау бекетінен Александр Абдураймовтар да өз кәсіптерінің үздіктері болуға лайық екендіктерін дәлелдеді. Сынға қатысушарлар мен жүлдегерлерге депо басшылығы мен кәсіподақ ұйымы атынан дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады