Сарайшыққа саяхат

Аймақтар
16.10.2023, 16:06
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қазан – қамқорлық айы. Соған сай Атырау жүк тасымалы бөлімшесі кәсіподақ өкілдігімен қарттарға арнап ұйымдастырылған шаралар легін ай бойы жалғастыруда.

Өткен аптада қазақ тарихы мен мәдениетінде өзіндік орны бар Сарайшық мемориалды кешеніне саяхат сапары сәтті болды. Елуге тарта ардагер  автобуспен Махамбет ауданы, Сарайшық ауылына барып, жаңа үлгіде жасақталған кешенді аралады. Кешен қызметкерлерінің Сарайшық тарихы туралы қызғылықты әңгімелерін тыңдап, содан соң жеті хан жерленген жерге барып әулие ағаш басында болып, құран оқыды.  

Зейнеткер-теміржолшылардың демалысы бата беру және мақал-мәтел сайысына ұласты. Көнеден қалған көсем сөздердің тиегі ағытылып, ұрпаққа үлгі асыл сөздерден маржан шашылды. Бата беруден сағыздық Тоқтарқұл Нұғыманов, мақал айтудан Аманжол Шоқанбаев озып шығып, сый-құрметке ие болды.  Арнайы жайылған ақ дастархан басында қарттар әңгіме-дүкен құрып, өткен-кеткенді еске алысып, бір жасап марқайып қалды.  

 

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда