Сексеуіл жол дистанциясына жаңа техника келді (Фото)

Аймақтар
24.11.2023, 10:17
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Сексеуіл жол дистанциясына Ресейде шығарылған су жаңа МПТ-6/869 мотовозы келді.

Борт компьютерімен, жылыту, салқындату жүйе- сімен және тағы басқа заманауи құрылғылармен жабдықталған заманауи техника жолшылар ұжымын қуантуда.  

– Қолданылу мерзімі 30 жылға есептелген техника бұған дейінгі мотовоз машинисі болған білікті маман Елдос Қалдыбаевқа сеніп тапсырылып отыр. Қай телімде жұмыс болатын болса, мотовоз сол жерге жіберілетін болады. Бізді су жаңа техникамен қамтамасыз етіп отырған компания мен бөлімше басшылығына алғысымыз шексіз, – деді дистанцияның бас инженері Елдос Жеткербайұлы.  

Сексеуіл жол дистанциясы үшін Сексеуіл – Қоскөл жаңа телімінде жолдың бабын жасау үлкен салмақ болып отыр. Жолдың бабын технологиялық талапқа сай ұстап тұру, бұл аумақтың бархан құмды жоталар арасынан салынғанын ескерсек оңай емес, үздіксіз соққан желдің әсерінен жолды құм басып қалуы әп-сәтте, жолшылар жұмысы ауыр, техниканың күшін көп қажет етеді.  

– Дистанцияда 1978 жылы және 2012 жылы шыққан мототехникалар қолданыста жүр. Оларды жаңа техникамен салыстыруға келмейді. Ал мына су жаңа мотовоз жолшылардың барлық сұранысына жауап береді. Тіпті заманауи бейнекамералармен қамтамасыз етілген, бұл дистанция ашылған жеті жылдың ішінде алған алғашқы жаңа техникамыз, – деп қуанышымен бөлісті дистанцияның бас механигі Жорабек Сматуллаев.  

Су жаңа техниканың құлағын ұстаған тәжірибелі машинист Ербол Қалдыбаев та дән риза.  

– Мотовоздың бұған дейін қолданыста болған МПТ-лардан айырмасы бұрынғыларда тартылым күші гидроберіліс болса, мұнда генератор арқылы жұмыс жасайтын электроберіліс, барлығы борт компьютер арқылы жұмыс істейді. Өртке қарсы тетігі жүйеге қосылған, 2КБ желілік рациясы, бейне бақылау секілді заманауи байланыс жүйесімен, тұрмыстық қажеттіліктермен жабдықталған, – деп әсерімен бөлісті.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады