Жауапкершілік жүгі жоғары кәсіп иелері

Аймақтар
07.12.2023, 10:07
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жүйткіген жүрдек пойыз станцияға жақындаған сайын екпінін бәсеңдете берді. Кестеге сай келіп жеткен жолаушылар пойызы тоқтағанда, өз міндеттеріне кірісуге дайын тұрған вагон қараушылар ұзын құрамды бойлап тексеруге кірісті.

Әр вагонның тіркеуішін мұқият қарап, доңғалақтарын балғамен ұрып «тың тыңдап» жүрген вагон қараушылар үшін ең жауапты сәт осы. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін жүктеген олар доңғалақты балғамен ұрған сәттегі шыққан әрбір дыбысты қалт жібермей, ажырата алуы керек. Вагондар арасындағы тіркеуіштер дұрыс па, ақауға негіз болатын титтей сызат болса да қауіпті.

Жамбыл вагон пайдалану депосы вагондарға техникалық қызмет көрсетуге мамандандырылған. Техникалық байқау, ағымдағы ағыту және ағытпай жөндеу, вагондарды тиеуге дайындау, жөндеудің жоспарлы түрлерінен жүк вагондарын қабылдау, вагондарды техникалық беру пункттерінде қабылдау және беру, жүк вагондарының иелерімен өзара іс-қимылды реттеу, т.т. жылжымалы құрамдарға қызмет көрсету 1148 шақырымдық аумақта жамбылдық вагоншылар міндетіндегі жұмыс.    

Талғат Жасұзақов басқаратын вагон депосының Тараз, Түрксіб, Қаратау, Жаңатас, Шу, Сарышаған станцияларында орналасқан 6 техникалық қызмет көрсету пункті бар. Бұл пункттердің, сонымен қатар Боранды, Ақшолақ, Қияқты, Мыңарал станцияларында орналасқан бақылау бекеттерінің де өз функциялары бар. Вагондардың күтімі мен қозғалыс қауіпсіздігіне Боранды, Күркүреу-су, Шақпақ, Ақшолақ, Ақыртөбе, Тәтті, Қорағаты, Жиделі, Хантау, Қарасай, Қияқты, Қашқан теңіз, Мыңарал, Көктем, Қаражыңғыл, Бел, Еспе, Шоқпардағы бекеттер де басқаларымен бірдей жауапты.

Вагон қараушы өзіне жүктелген негізгі 5 міндетті жақсы біледі. Ол –   автотіркегіштерді, доңғалақты, вагон тіркемесін, вагон астындағы тежегіш жабдықтарын, кузовты тексеріп, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.  

– Деподағы 640 адамның 520-сы вагон қараушылар. Айталық, біздің аумақ арқылы бір ауысымда 40-50 жүк пойызы, 17-20 жолаушы пойызы жүріп өтеді. Соның барлығының ақаусыз, діттеген жерге уақытылы жетуіне біздің депо мамандары жауапты. Әсіресе вагон қараушыларға жүктелер міндет жоғары. Сауаттылық, шеберлік, қырағылық, кейде интуиция да вагон қараушының қаруы болады. Жыл сайын кестемен, кезекпен вагон қараушылар Тараздағы оқу орталығында 1-2 айлық курстарда білімін жетілдіріп отырады. Тек вагон қараушылар ғана емес, осында еңбек ететін әр қызметкер жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтуге міндетті, – деді депоның бас инженері Сағидулла Әбиев.

Жамбыл вагон пайдалану депосының басшылығы техникалық қызмет көрсету қосындарының, бекеттер мен тұйықтардың материалдық базасын қамтамасыз етуге де жеткілікті көңіл бөледі. Жазда салқындатқыштардың қалыпты жұмыс істеуін, қыста орталықтандырылған жылу жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі шарт.  

Сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пункттер мен бекеттерге бейнебақылау камералары қойылған. Бүгінде депоға қарасты өндірістік ғимараттардың орталықтандырылған жылу жүйесі электрлі жылытуға көшірілген. Жалпы көрсеткіш 80 пайызға жуық. Көмірмен жылытылатын жылу жүйесі Тараз қаласындағы пункттерде ғана қалыпты. Бұл өз кезегінде техникалық қызмет көрсетудің қалыпты жұмысына оң әсерін тигізуде.  

Сондай-ақ Тараз қаласындағы жоспарлы техникалық бөлімде депо жұмысшыларына арналған арнайы демалыс бөлмесі жабдықталған. Ол жерге депоның кез келген қызметкері бос уақыттарында келіп, спортпен шұғылдана алады.

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды