Интеллектуалды ойында бақ сынасты

Аймақтар
22.12.2023, 10:25
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Тәуелсіздік күні құрметіне Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде өткен «Қазақша КВИЗ» интеллектуалды ойыны білім сайысы түрінде ұйымдастырылды.

Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген білім бәйгесіне түбектің теміржол саласында еңбек ететін қызметкерлер қатысып, интеллектуалдық ой-өрістерін танытып, білім жарыстырды. Бес топ болып сынға түскендер: өрт сөндіру пойызынан «Отпантау оғландары», белгі беру және байланыс дистанциясынан «Бірлік», жол дистанциясының жігіттерінен «Шерқала», электрмен жабдықтаушылардан «Эврика», вокзал қызметкерлерінен «Qazaq station» топтары құрылды. Қатысушылар бес кезеңнен тұратын ойын шарттарын орындады.

Алдымен жалпы сұрақтарға жауап берсе, екінші турда салаға қатысты білімдерін паш етті. «Рухани жаңғыру» шартын орындау барысында аудио және видео форматындағы сұрақтар теміржолшылардың жылдамдығы мен тапқырлығына сын болды. Сондай-ақ олар қосымша ұпай жинау мақсатында берілген түрлі сұрақтарға жауап берді. 

Сайысқа Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Нұрболат Шалғабай, Ғылыми техникалық бөлімнің басшысы Руслан Тұрақбаев, Маңғыстау қосалқы бөлімі аудармашысы Зәуре Қосымбаева төрелік етіп, қатысушылардың біліміне баға берді. 

Ойын қорытындысы бойынша «Бірлік» тобы ұпай есебімен алға шықты. өзгелерден шапшаң және біліктілігімен ерекшеленген бұл топтың құрамында жол дистанциясы директорының орынбасары Рүстем Теңізов, еңбекті қорғау инженері Айжан Мұқанова, техникалық бөлім инженері Төрехан Аширалиев, электромонтер Зина Нүржігітова және Еламан Бауыржан болды. Екінші орын өрт сөндірушілер командасы «Отпантау оғландарына» бұйырды. Оған Бейнеуден өрт сөндіру пойызы басшысы Бахытжан Дәулетбаев жетекшілік етіп, Бейнеуден Дулат Есетов, Маңғыстаудан Аманжол Жайлауов және Қожамұрат Төлесінов, Болашақтан өрт сөндіруші Ерболат Бытықов, т.б. қатысты. Үшінші орынды Шерқала тобы алды. Интеллектуалды ойын толықтай қазақ тілінде және жоғары деңгейде өтті. Қатысушылардың қызығушылығы мен белсенділігін ұйымдастырушылар жоғары бағалады. 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті