Бейнеулік теміржолшылар аудан әкімдігінің марапатына ие болды (Фото)

Аймақтар
26.12.2023, 10:30
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Бейнеу ауданының тарихы темір жолмен тығыз байланысты. Оның өркендеуі мен дамуы жолында теміржолшылардың еңбегі зор. Жуырда отыздан астам теміржолшы аудан әкімдігінің марапатына ие болды.

Тәуелсіздік мерекесіне орай Бейнеу станциясының әкімшілік ғимаратында өткен жиында аудандық мәслихаттың төрағасы Ардақ Бораш пен «AMANAT» партиясы Бейнеу аудандық филиалының төрағасы Тұралы Жолышов 35 теміржолшы-ардагерді «Бейнеу ауданына 50 жыл» төсбелгісімен марапаттады. Олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында атқарып жүрген еңбегіне алғыс айтты.  

Марапатталған ардагер теміржолшылардың қай-қайсысы да бүкіл өмірін осы салаға арнаған жандар.  

– «Марапат мерейді өсіреді» демекші, бұл төсбелгінің иегері болған жандардың бәрі де құрметке лайық. Мысалы, Жарылқасын Батыров біраз жыл Бейнеу станциясында бастықтың орынбасары, Қарақалпақия түйіспе станциясында да бастықтың орынбасары қызметін атқарды. Тамадин Маштанов ағамыз болса өмірінің 40 жылын осы станцияда өткізіп, бас инженер лауазымынан зейнетке шыққан. Наргүл Оразбаева апамыз 30 жылдан астам еңбек етіп, техникалық орталықтан зейнетке шыққан. Хыдырбай Жаңабаев 41 жыл бойы станция кезекшісі болған. Біз бұл аға-апаларымызды мақтан етеміз, олардың өмір жолы – жастарға үлгі, – дейді Бейнеу станциясының бастығы Есет Хайруллин.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті