Абырой арқалаған жандар

Аймақтар
09.01.2024, 10:31
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен жыл маңғыстаулық теміржолшылар үшін табысты да мерейлі жыл болды. Қаншама азамат салалық деңгейде түрлі марапаттың иегері атанса, енді біреулері жергілікті билік тарапынан құрметке бөленді.

«Батыс» жолаушылар тасымалының Маңғыстау телімін басқарып отырған Қалиолла Сахипов былтырғы төл мерекеде Құрметті теміржолшы, ал жыл соңында Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы атанды. Саладағы жұмысын 1991 жылы Маңғыстау станциясында пойыз құрастырушы болып бастаған теміржолшы әр жылдары Бейнеу станциясында бас инженер, Маңғыстау станциясында бас инженер, Ералы станциясы бастығы қызметтерін атқарған.  

Ал Бейнеу станциясы бастығының орынбасары Нұрмұханбет Жандәулетов былтыр Бейнеу ауданының Құрметті азаматы және «Кәсібі бойынша үздік» атанып, мерейі үстем болды. Қазақ көлік академиясының тасымалды ұйымдастыру және басқару факультетін бітіріп, Ералиев және Бейнеу станциясына жүк қабылдаушы, аға жүк қабылдаушы, ПКО бригадирі болды. Жүк тасымалы ауданының Бейнеу агенттігін басқарды. 2003 жылдан бері Бейнеу станциясы бастығының логистика жөніндегі орынбасары, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері.  

Жаңаөзендік Амандық Аралбеков Батыс өңіріне танымал теміржолшылар әулетінің өкілі. Былтыр «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды, теміржолдағы еңбек өтілі қырық жылдан асады. Мақатта айналым депосына машинист көмекшісі, машинист болды. Одан кейін машинист нұсқаушысы, Әйтеке би станциясында айналым депосы бастығы, Маңғыстау депосында бастықтың орынбасары секілді еңбек сатыларынан өткен. 2014 жылдан бері Маңғыстау локомотив депосы бастығының Жаңаөзен айналым депосындағы орынбасары.  

Маңғыстау жол дистанциясының Шетпе телімін басқарып отырған Қабыл Заиров үшін де жыл мерейлі болды. Тарлан теміржолшы саладағы үлкен марапат – Құрметті теміржолшы белгісіне ие болды. Ал талай жылдан бері кәсіподақ саласында тер төгіп келе жатқан Әзірбай Тұрмағанбетов былтыр Мұнайлы ауданының Құрметті азаматы атанды.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті