Әз-наурыз қасиет дарып, құт қонған Түркістанда өтті

Аймақтар
28.03.2024, 13:24
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Ұшқан құстың қанаты талып, тұлпардың тұяғы тозатын Алтай мен Жайықтың арасын қамтыған қазақтың ұлан-ғайыр даласында Әз-Наурызды атап өту елімізде 14 наурыздан бастау алғаны белгілі. Жер дүниенің жаңарған шағында бұл мерекенің адамзат баласына ерекше көңіл-күй мен шаттық, қуаныш сыйлайтыны рас. Сондықтан да, байтақ даламызда дүрілдеп өткен ұлан асыр тойдың ойдағыдай өтуіне ел теміржолшылары белсенді атсалысты.

Әз-Наурыз ағаш егуден басталды

Түркістан төрінде екі күнге жоспарланған Әз-Наурыз мейрамын атап өту ағаш отырғызумен басталды. Қалаға кіреберіс күре жолдың сол жақ қапталындағы «Ұлы Жібек жолы» саябағына Ұлттық компанияның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев пен шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков бастаған теміржолшылар қауымы шаған мен акация көшеттерін егіп, қаланың көгалдана түсуіне өз үлестерін қосты. Негізінен, «Атадан мал қалғанша – тал қалсын» деген қағидаға берік теміржолшылар үшін мұндай іс-шаралар дағдыға айналған десек те болады.

– Жалпы, Түркістанның облыс орталығы ретінде өсіп-өркендетіп, қаламызды түлету жолында бұл қадамның астарында үлкен мән жатқаны жасырын емес. Сондықтан да, біздің осындай амалымыз кейінгі буынға үлгі-өнеге болуы тиіс деп санаймын», – дейді ағаш отырғызу шарасына қатысқан түркістандық теміржолшы Ерғазы Кенжебеков.

Айта кетейік, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ сала мамандары арасында осы іспеттес экологиялық акцияларды жиі ұйымдастырылып тұрады. Күз-көктем айларында барлық өңірлердегі кәсіпорын, мекемелер ауласын аббаттандыру жаппай қолға алынады. Нәтижесінде, компания кеңселерімен қатар, қалалық және теміржолға іргелес аумақтар да жасыл-желекке айналып келеді.

Теміржолшылар түгел атсалысқан той

Көне шаһардағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің маңынан 7 ақшаңқан киіз үй тігіліп, Теміржолшылар ауылы бой көтерді. Ұлттық компанияға қарасты еншілес компания өкілдері тұрғызған шағын ауылда қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.  

Сонымен қатар, қала қонақтары мен мерекелік жиынға келушілерге наурыз көже мен палау және бауырсақ таратылды. Ал арнайы құрылған сахна төрінде теміржолшылар өз өнерін паш етсе, құрметті қонақтар санатында сала ардагерлері мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Консультативтік кеңесінің мүшелері, компания президенті Н.Сауранбаев пен Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды болды. Осылайша, «ҚТЖ» қызметкерлері тұтас шаһарда мерекелік ауан қалыптастырып, түркістандықтар мен қасиетті өлке қонақтарына ғажайып көңіл-күй сыйлады.

– Түркістан қаласы түркі мемлекеттерінің рухани астанасы атануына орай, «ҚТЖ» бұл бастаманы қолдай отырып, биылғы Наурыз мерекесін қасиет қонып, құт дарыған көне шаһарда кең көлемде атап өткен жөн деп шешім қабылданды. Бұл мейрамға ел теміржолшылары түгел атсалысты. Барлық іс-шаралар өз әріптестеріміздің қол күшімен, ынтымағы жарасқан өзара ұйымшылдығымен іске асып отыр, – дейді Әлеуметтік саясат департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабылова.

Сауық-сайранға толы танымдық шара

Этноауылды жағалай қонған жеті үйдің әрбірінде компанияның талантты қызметкерлері қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары туралы музыкалық және театрландырылған тақырыптық қойылымдар қойды. Бірін бірі қайталамайтын қызыққа толы әрі танымдық шараның басын «ҚТЖ Экспресс» мекемесінің сырға салу мен қыз ұзату рәсімімен ашылды. Мұнда компанияның бас менеджері Гүлназ Рамазанова ұзатылар қыздың рөлін сомдап көпшіліктің көзайымына айналса, Сәлима Ысқақова мен Гүлнәр Әбділманованың, Дәмегүл Құрманбаева-Ахметова бастаған теміржолшы қыз-келіншектердің бойжеткен жеңгесі атанып, сауық-сайранға толы танымдық шараның шырайын аша түсті.

Содан кейінгі шаңырақ – «Қазтеміртранс» ұйымы болды. Бұл ұжым өз қызметкері вагон паркін сақтау бойынша инспектор Амантай Ерболды «үйлендіріп» салт-дәстүрдің саңлағы саналатын беташар рәсімін өткізді. Ал «Кедентранссервис» АҚ-ның Корпоративтік дамыту және бұқарамен қатынас департаментінің бас менеджері Мейрамгүл Мерғалиева мен Әсем Мұхтарованың және Сатып алу және қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері Алмас Алиев ұйымдастырған «келін шай» шарасы да әсерсіз болды дей алмаймыз. Ал «Жүк тасымалы» ЖШС-нің Түркістан станциясының операторы Балнұр Рақымжанова болса ұлы – Нурикамалды темір жолда ұзақ жылдан бері тер төгіп келе жатқан Айгүл Есмұханқызы мен Рахия Мырзалиеваны әже атандырып, сәбиін бесікке салып әлдилетті.

Бата сұрап – кәде жасады

Ұлттық компания президенті мен облыс әкімі бастаған алқалы топ кезекті киіз үйге бас сұққанда, мұнда да дәстүр дәріптеліп, ел тұтқасын ұстаған атқамінер азаматтардан бата сұралып, кәде жасалып жатты. Бұл сәтте Түркістан белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі Әділхан Әлімбетовтің ұлы – Ақназар мен «ҚТЖ-экспресс» компаниясы Экспедициялау бөлімінің бастығы Шыңғыс Аманбайұлының перзенті – Әмірханның тұсауы кесілді. Бір қызығы,  қос сәбидің тұсауын кескеннен кейін ала жіптің екінші ұшы басқарма төрағасы Нұрлан Ермекұлы мен облыс басшысы Дархан Аманкелдіұлына ырым етіп, тапсырылды. Бұл дегеніміз, балалар еліне елеулі, халқына қалаулы атпал азаматтардай ер жетсін деген ниеттен туса керек-ті.

Абырой асқақтаған күн

Наурыз тойы аясында «Жолаушылар тасымалы» компаниясы Түркістан төрінде шатыр тігіп, синкретті өнер саналатын айтыс ұйымдастырды. Сөйтіп, ақындар да өлең-жырымен қал-қадерінше ұлттық өнерді ұлықтай түсті. Сөзді семсер еткен Ержан Әміров пен Талғат Күзембаев темір жол саласының жетістігін жырға қосып, әдемі әзілімен алқалы топты қыран-топан күлкіге қарқ қылды. Жиын соңында дүйім жұртқа айрықша көңіл-күй сыйлаған от ауыз, орақ тілді ақындардың иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Осы күнгі Әз-Наурызды айрықша тойлау үшін алыс-жақыннан келген қалың бұқара мен теміржолшылар арасында спорттың сан түрінен әрқилы сайыстар өтті.

Айталық, ұлттық ойын санатына жататын асық ату мен ләңгі тебуден бөлек, ерлер мен әйелдер арасында қол күресі мен гір көтеруден кіл мықтылар анықталды. Осылайша, олар үшін бұл сәт жеңімпаз атанып, абырой асқақтаған күн болды. Ал топтық күш сынасуда арқан тарту арқылы Түркістан жол дистаниясының жігіттерінен құралған команда үздік шықты.

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды