Кырағы күзет қызметінің сарбаздары

Аймақтар
27.11.2024, 13:54
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Қалтқысыз қызмет, табанды еңбек табысқа жеткізеді. Биыл «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Тараз филиалы өндірістік және қаржылық көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін үздік ұжым атанды.  

Теміржолдағы күзет қызметінің 11 филиалы арасында үздік шығу әрине үлкен жетістік. Жалпы үздік филиал рейтингілік көрсеткіштерді есептеу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС бас директорының 2024 жылғы 21 маусымдағы №63-н/қ бұйрығымен бекітілген әдістемеде айқындалған 23 көрсеткіш осы қызметтің көптеген аспектілерін қамтиды. Соның бірі – шұғыл әрекет ететін күзет топтары қызмет көрсететін учаскелерде ұрлықтың алдын алу.  

Егер филиалға қарасты аумақта вагондар немесе контейнерлердің пломбалары бұзылса немесе жоғалса, күзетілетін вагондар мен контейнерлерден жүк ұрлау фактілері орын алса, жұмыс орнында жарақат алу, өрт қауіпсіздігін бұзу сынды жағдайлар көбейсе, көрсеткіш төмендейді. Бұл бағалау жүйесі үздік филиалдарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек басшылықтың жұмысты ұйымдастырудағы қызметкерлерді ынталандырып, корпоративтік мәдениетті және теміржол объектілеріндегі жалпы қауіпсіздікті жақсартуға ықпал ететін іс-шаралары да бағаланбай қалмайды.

«Жақсыны көрмек үшін» демекші, үздік ұжыммен танысып, жұмысын көзбен көріп қайтуға аттандық.  Кіреберісте бізді қарсы алған күзетші  телефонмен кімге келгенімді хабарлап, рұқсат алған соң, диспетчердің қабылдау бөлмесіне шығарып салды. Талап пен тәртіп өз алдына, күзетшілер мекемесіне кіргеннен ең алдымен мұнтаздай  тазалық назар аудартады. Тиянақты әрі талғаммен жүргізілген жөндеу жұмыстарына қарап, ғимаратты 1949 жылы салынған деуге келмейтіндей. Филиал ғимаратының іргесі 75 жыл бұрын қаланғанын «ӘТЖҚ» ЖШС Тараз филиалының директоры Еркін Мүсілімовтен естідік. Еңбек етуге қолайлы орта – жұмыс өнімділігін арттыратын негізгі факторлардың бірі екені белгілі. Еркін Түгелбайұлының үш жыл бұрын осы қызметке тағайындалғанда істі еңсені басқан ескі ғимаратты жөндеуден бастауы бекер емес. Жөндеу жұмыстарын күзет қызметкерлері бірлесе атқарыпты.

– Жалпы, жұмыстың жүйелі жүруі – алдымен талап пен тәртіпке, одан кейін қызметкерлердің ауызбіршілігіне байланысты. Біздің үздік атануымыз – тұтас ұжымның еңбегінің жемісі. Атап айтсам, оған қызметкерлерді ортақ іске жұмылдырып, жұмысты бір жүйеге түсіруге күш жұмсаған директордың орынбасары Қайрат Мадалиевтің, әрбір күзетшінің әлеуметтік жағдайын түгендеп жүретін кадр бөлімінің бастығы Баян Әлиеваның, атқыштар командалары бастықтарының қосқан үлесі көп. Жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасалып, еңбегі адал бағаланса, қызметкерлер де нәтижеге жетуге ынталы болады.  

Бұл ретте елдегі ең ірі жұмыс берушінің бірі ҚТЖ-ның  еңбек адамына қолайлы ахуал қарастырып отырғанын айтпай кетпейміз. Соңғы жылдарда күзетшілердің айлығы өсіп, арнайы киіммен және өзге де қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі едәуір жоғарылады. Сыйақы, 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан азаматтарға емделуге шипажайларға жолдама беру қарастырылған. Ұжым мүшелерінің отбасында болған қайғысы мен қуаныштарында, денсаулық жағдайына байланысты, сонымен қатар жалғызілікті қарттарға ұжымдық шартқа орай түрлі материалдық көмек беріледі. Жұмыс нәтижесіне байланысты күзетшілеріміз арнайы марапатқа ұсынылып отырады. Мұның барлығы оларды ынталандыра түседі. Соған қарай жұмыс сапасы да артады. Күзетшілердің жұмыс жағдайының жақсаруы, жоғарыда атап өткендей, ұрлық-қарлықтың, түрлі заң бұзушылықтардың да азаюына алып келіп отыр, – дейді филиал директоры.

Тараз филиалының қызмет көрсететін аумағы солтүстігінде Қарағанды облысымен шектесетін Сарышаған, тоғыз жолдың торабы  Шу, Меркі бағытында Тәтті, Түрксіб, Тараз және қырғызбен шекаралас Маймақ станцияларын қамтиды. Бүгінгі таңда 508 күзетшіден тұратын филиалдың жеке құрамы жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Филиал жетекшісінің айтуынша, қиындыққа мойымайтын нағыз ержігіттерге, қажыр-қайрат иелеріне арналған кәсіп иелері ел ішіндегі ғана емес, халықаралық бағыттағы экспорттық жүк тасымалын, оның ішінде цистерналар толы түрлі сұйық заттарды діттеген жеріне қауіпсіз жеткізудің жауапкершілігін жақсы біледі. 70-80 вагон жүкті қабылдап алып, қайта тапсырылуын қадағалау айтуға ғана оңай. Жеке құрам физикалық дайындықтан бөлек, кәсіби дағдыларын жетілдірумен үнемі айналысады.  

– Жеке құрам қару, төтенше жағдай туындаса, қажетті  техникалық қызмет көрсететін құрал-жабдықтарды алып жүреді. Мысалы, көрші Өзбекстан, Қырғыз елінен, басқа облыстардан көбіне газ, түрлі қышқылдар секілді қауіпті жүктер тасымалданады. Ілеспе күзетті жүзеге асыратын болғандықтан, жол бойында оларға зақым келмеуін, пломбаларының бүтін болуын қадағалау, ұрлануына жол бермеу, төгіліп-шашылуының алдын алу секілді көптеген жұмыстарды осы біздің күзет қызметкерлері атқарады. Егер ұрлық жағдайы орын алса, ол жерге шұғыл әрекет ететін жедел топ барып, деректерді талдап, тексеру жүргізеді, – деп түсіндірді Еркін Түгелбайұлы.

Бір сөзбен айтқанда, теміржол күзетшілеріне жүктелер жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Ал жұмыстан тыс уақытта барлық жеке құрам қаруды қолдану, электрмен жұмыс істеу қауіпсіздігі секілді тақырыптық сабақтарға, тактикалық оқу-жаттығуларға қатысады.  

Аймақтар
26.05.2026
Мамандық таңдау – маңызды іс
Жаңалықтар
26.05.2026
Астанада кәсіби шеберлік чемпионаты өтті
Спорт
26.05.2026
Семейде теміржолшылар арасында тұңғыш рет садақ ату турнирі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
26.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №40 26 мамыр 2026 жыл
Инфрақұрылым
25.05.2026
«Мойынты – Қызылжар» теміржол желісінің құрылысы тәулік бойы жүргізілуде
Жаңалықтар
25.05.2026
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
Жаңалықтар
25.05.2026
ҚТЖ машинистері жыл басынан бері теміржол өткелдерінде 20 ЖКО алдын алды
Жолаушылар тасымалы
25.05.2026
Жазда пойызбен қайда баруға болады: Қазақстан бойынша танымал бағыттар
Жолаушылар тасымалы
25.05.2026
Биыл 28 мыңнан астам жолаушы «Күту парағы» арқылы билет рәсімдеді
Жаңалықтар
25.05.2026
Қазақстан Калифорнияда Транскаспий дәлізінің мүмкіндіктерін таныстырды
Әлемде
25.05.2026
Пәкістанда жолаушылар пойызы жарылып, 20 адам қаза тапты
Жаңалықтар
23.05.2026
ҚТЖ орталық аппараты қызметкерлеріне жолды жаңғыртудың заманауи технологиялары көрсетілді
Инфрақұрылым
23.05.2026
«Курорт-Бурабай» вокзалы маусым айында пайдалануға беріледі
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары тасымалдар мен порт инфрақұрылымын дамыту жайын талқылады
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен ЕО Транскаспий дәлізін дамыту мәселелерін талқылады
Жүк тасымалы
22.05.2026
Қытай мен Ауғанстан арасында Түрікменстан арқылы өтетін жаңа логистикалық бағыт іске қосылды
Аймақтар
22.05.2026
Семей теміржолында кешенді жұмыс қарқын алды
Аймақтар
22.05.2026
Жаз маусымына дайындық бағаланды
Аймақтар
22.05.2026
Ардагерлер кеңесі өтті
Инфрақұрылым
22.05.2026
Ақтөбе вокзалында жолаушыларға барлық жағдай жасалады