Үздіктер анықталды

Аймақтар
02.12.2024, 11:54
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкент магистралдық желі бөлімшесінде темір жол мекемелері мен кәсіпорындарында еңбек ететін қызметкерлер арасында «Үздік маман–2024» байқауы өтті. Екі кезеңнен тұратын байқауға оңтүстік өңірден 30 үміткер қатысып өз араларындағы кіл мықтыны анықтады. Ал 7 мамандық бойынша үздік деп танылғандар 8 аталыммен марапатталды.

Шымкент көлік колледжінде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде үміткерлердің теориялық білім-біліктері сынға түсті. Яғни, 25 сұрақтан тұратын сынақта мамандардың кәсіби міндеттемелері мен атқаратын қызметіне қатысты, атап айтқанда, еңбек қауіпсіздігі, техникалық пайдалану ережелері, ұжымдық шарт талаптары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қолданылатын заңнамалық құқықтар және іскерлік этикалық норма талаптарына қатысты білімдері тексерілді. Осылайша, бұған дейін әр мекемеден оқ бойы озып шыққан үздіктер тест сұрақтарына жауап бере отырып, баллдық жүйе бойынша бәсекеге түсті.

– Негізінен, мұндай байқаулар шалғай учаскелерде еңбек ететін әріптестеріміз үшін тамаша ынталандыру болып табылады. Өйткені, олар байқауларда білім-білігін шыңдап, қабілет-қарымын жетілдіреді. Оның үстіне, өз ісінің нағыз мамандарын анықтау арқылы құрмет-қошемет көрсетіп, оларды қанаттандыра түсеміз. Нәтижесінде, темір жолдағы қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етіледі әрі осы салаға деген оң иммидж қалыптасады деп сенеміз, – дейді магистралдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Жомарт Мырзабеков.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың екінші кезеңінде үміткерлер әрбір салалық кәсіп бойынша арнайы топтарға бөлініп, сұрақ-жауап, әңгімелесу арқылы практикалық талқылау жүргізілді. Соның нәтижесінде жиынтық балл қорытындысы шығарылып, қатысушылар арасынан үздіктер анықталды. Атап айтқанда, «Үздік жол монтері» номинациясы бойынша ПЧ-54 қызметкері Талант Сапар атанса, ПЧ-53 қызметкері Ермек Жұмабаев «Үздік жол шебері» номинациясымен марапатталды. Ал ШЧ-38 жұмысшысы Нұрбол Түймебеков «Үздік байланысшы», ЭЧ-24 жұмысшысы Жомарт Әбдікәрімов «Үздік энергетик», ПЧ-54 машинисті Бақытбек Құдасов «Үздік машинист», ВП-39 мекемесінің қызметкері Мейірбек Шералиев «Қалпына келтіру пойызының үздік маманы» номинациясына ие болды. Сол сияқты «Үздік өрт сөндіруші» номинациясы бойынша Сәбит Әміров, ал «Үздік вокзал қызметкері» аталымымен Арыс-2 вокзалының жұмысшысы Асылхан Күлтеков құрметке бөленді.

Байқау талабының бірнеше тетіктері бойынша ең жоғары балға ие болған Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясының ұжымы «Үздік ұжым – 2024» атағына ие болды. Ендігі жерде әр мекемедегі қызметкерлердің ұжымдық рухын көтеріп, жұмысшыларға жігер сыйлайтын ауыспалы ту осы аталған мекемеде жыл он екі бойы желбірейтін болады.

Айта кетейік, «Қазкөліккәсіп» ҚБ Шымкент филиалының жетекшілері шара ұйымдастырушыларымен бірлесе отырып, жеңімпаздарға қаржылай жүлде тағайындап, теміржолшылар мәртебесінің көтерілуіне атсалысты.

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн