Қарт теміржолшы – 101 жаста

Аймақтар
10.01.2025, 09:10
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе облысындағы Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері, қарт теміржолшы Грецкий Василий Иванович 101 жасқа толды. Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов ардагерді жаңа жылмен және туған күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Василий Грецкий – Ақтөбе облысындағы көзі тірі жалғыз соғыс ардагері. 101 жастағы қарат майдангер Хромтау ауданында тұрады. Қария таңғы жаттығуын жасап, салауатты өмір салтын сақтауды әдетке айналдырған.  

«Елде тек тыныштық болсын. Ұрпақ ашық аспан астында өмір сүрсін. Биыл Жеңістің 80 жылдығы. Әлемде соғыс болмасын. Соғыстан кейін ұзақ жыл теміржол саласында жұмыс істедім. Әріптестерім әлі күнге дейін келіп тұрады, бәріне ризамын», – деді ардагер теміржолшы.  

Василий Иванович 1924 жылы Беларусь елінде дүниеге келген. Еңбекке ерте араласқан ол 1942 жылы майданға аттанып, Украина, Беларусь майдандарында соғысып, Польша, Чехословакияны азат етуге қатысып, Германияға дейін жеткен. Жеңісті Берлиннен 75 шақырым жерде орналасқан госпитальде қарсы алған ардагер бүгінде 3 баласынан 6 немере, 10 шөбере сүйіп отыр.  

Аудан әкімі Василий Ивановичтің өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі екенін жеткізіп, Жеңістің 80 жылдық мерейтойын қарсы алғалы отырған ардагерге мықты денсаулық тіледі.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды