Бейнеу астық терминалы іске қосылды

Аймақтар
24.01.2025, 08:58
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау темір жолының ірі жүк жөнелтушісі Бейнеу астық терминалы қайта іске қосылды. Тәулігіне 320 тонна ұн мен 80 тонна кебек өндіре алатын терминал қайта жаңғыртудан кейін қуаттылығын арттыра түскен.

Маңғыстау теміржолымен өтетін жүктердің үлесінде өзіндік орны болған бұл нысан біраз жыл бұрын банкрот болып, 2018 жылдан бері жұмысы тұралап қалған еді. Бірер күн бұрын қайта іске қосылған терминалға алғашқы лекпен 15 шақты вагон астық түсірілді. Аталған жүк Бейнеу теміржолымен жеткізіліп, станциядан терминалдың кірме жолдарына берілді.

Жаңғыртудан кейін қуаттылығы күніне 400 тонна ұн және 240 тонна құрама жем беруге дейін ұлғайтылады деп болжанып отырған астық терминалының жұмысын қайта бастауын «Еуразия Транс Логистик» ЖШС мен «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бірлесе жүзеге асырды. Өңірде орналасқан стратегиялық маңызды нысандардың бірі болған бұл терминалдың жалпы ауданы – 26 гектар. Оның өзінің кірме жолдарының ұзындығы – 8 шақырым. Нысан алғашқы өнімін шығарып та үлгерді. Терминал жұмысы тоқтап қалғалы Маңғыстаудағы мал азығы бірнеше есеге қымбаттаған, бұл бағыттағы экспорт та тоқтаған болатын. Кәсіпорынның жұмысы қызып тұрған кезінде Өзбекстан, Түркіменстан және Иран елдеріне жылына 1 млн тоннаға дейін ұн тасымалданған екен. Жұмысы жанданса, экспорт көлемі де артады деп күтілуде.  

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі Бейнеу станциясының бастығы Есет Хайруллиннің сөзіне сүйенсек, аталған терминал енді ғана жұмысын бастап жатқандықтан келіп-кетер жүк көрсеткіштері жағынан әлі толықтай жоспарлар жоқ.  

– Станция терминалмен арадағы келісім бойынша қажетті қызметтерін көрсетіп, бастапқы лекпен жеткен астық тиелген вагондарды кәсіпорынға жеткізіп беруді қамтамасыз етуде. Вагондар өз уақытымен терминалдың кірме жолдары және тұйықтарына беріліп, бүгінгі таңда кейбіреулері түсіріліп жатыр, – дейді станция басшысы.  

 

Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді