Негізгі қордың жаңартылуы теміржолшылардың еңбек жағдайын жақсартты

Аймақтар
27.01.2025, 09:26
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Былтыр «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалында негізгі қорды жаңарту бойынша бірнеше инновациялық жобалар жүзеге асырылды. Бұл бағытта жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде атқарылып, нәтижесі теміржолшылардың еңбек жағдайын жақсартуға айтарлықтай әсерін тигізді.

Соның ең негізгісі – автопаркті жаңарту бойынша атқарылған жұмыстар. 2024 жылы Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне «DONGFENG» маркалы 14 автомобиль, қалпына келтіру пойызына арналған 1 четра Т-35 бульдозері және 1 МПТ-6 мотовозы сатып алынды. Сондай-ақ филиалға қарасты жол дистанциялары шағын механикаландыру құралдарымен қамтамасыз етілді. Атап айтсақ, 29 портал краны, 10 рельсті бұрғылау станогы, 13 рельсті кесу станогы, 36 шпал нығыздағыш алынып, таратылды. Кеңсе жабдықтары да жаңартылды, 18 ноутбук, 6 әмбебап компьютер, жүйелік блок, тағы басқалар алынды.  

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Мейрамбек Кенжебаев өткен жылы атқарылған жұмыстарды кеңінен айтып берді:  

– Теміржол желісінің тиімді жұмыс істеуі, технологиялық даму және инновациялар арқылы қамтамасыз етіледі десек, біздің бөлімшеде инфрақұрылымды жаңғырту бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Яғни теміржол инфрақұрылымын модернизациялау жобасы аясында бірнеше инновациялық шаралар жүзеге асырылуда. Негізгі бағыттардың бірі – ағаш шпалдарды темірбетон шпалдарға ауыстыру жобасы аясында соңғы бес жылда 192,64 км жолға 242 556 жаңа темірбетон шпалдары төселіп, пойыздар жылдамдығын арттыруға, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мүмкіндіктер артты. Былтыр 9,5 шақырымды құрайтын жолдарда күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал Алайғыр станциясында 2/4 және Көктөбе станциясында 5/7 бағыттамалық бұрмалардың жаңа съездері салынды, – дейді Мейрамбек Сермағанбетұлы.  

Филиал директорының айтуынша, еңбек өнімділігін арттыратын инновацияның бірі – желілік аппараттық залдар. Өткен жылдары Сарышаған, Шығанақ, Шу, Түрксіб, Тараз станцияларында желілік-аппараттық залдар іске қосылып, өңірлік байланыс тораптарын жаңғырту жүргізілген. Онда бағдарламалық-аппараттық жабдықтар кешендері пайдалануға берілген. 19 станциядағы модульдік контейнерлерге КТСМ бекеттік жабдығы қойылып, қозғалыс қауіпсіздігін бақылауда көп функцияны қатар атқаратын мұндай техникалық құралдар теміржолшылар жұмысын жеңілдетіп отырғанын жеткізді.  

Өткен жылы Жамбыл – Жаңатас учаскесіндегі жолды жөндеу, «Бірлік-2» станциясын қалпына келтіру жұмыстары басталғаны белгілі. Жаңатаста бағыттамалық бұрмалар ауыстырылып, Бірлікте 29 мың текше метр жолға қиыршық тас төселіп, темірбетонды бағыттамалы бұрмалардың 32 жаңа жиынтығы салынған. Бұл екі нысанда құрылыс жұмыстары биыл да жалғасуда.  

Теміржол инфрақұрылымын жақсарту, жаңа технологияларды енгізу және еңбек жағдайларын оңалту – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен пойыздар жылдамдығын арттырудың негізі десек, Жамбыл бөлімшесінде жүргізілген жұмыстар оған толық мысал болмақ.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды