Жолда қалған жолаушылар пойызбен жеткізілді

Аймақтар
27.01.2025, 11:01
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Қаңтар айының үшінші онкүндігі Түркістан облысында ауа-райы күрт өзгеріп, бірқатар республикалық маңызы бар тас жолдардың жабылуымен басталды. Патрульдік полиция өкілдері автомобиль жолдарында орын алуы мүмкін апаттың алдын алу мақсатында қосымша шаралар қабылдап, Шымкент – Тараз аралығындағы «Машат» пен «Шақпақ баба» асуындағы қозғалысты толық тоқтатты.

Нәтижесінде жол жабылған тұсқа жақын орналасқан Түлкібас вокзалының жүктемесі күрт күшейді. Бауыржан Рысқұлбекұлы бастаған вокзал ұжымы үшін бұл жылда қайталанатын үйреншікті жағдай, сондықтан едел-жедел әрекетке көшті.

Вокзал қызметкерлері әкімдік пен төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім мамандарымен бірлесіп жолда қалған жолаушылардың пойызға отыруына жағдай жасауға кірісті.    

– Таңғы сағат тоғызда-ақ вокзалға жан-жақтан жиналған жолаушылар лық толды. Сол мезетте келген «Қызылорда-Петропавл» бағытындағы №76 пойызға 40 жолаушыны отырғыздық, – дейді жетекші инженер Жазира Жарылқапова.

Сол сияқты «Қызылорда-Көкшетау» пойызына – 5, «Шымкент-Астана» пойызына – 110, «Шымкент-Алматы» пойызына  – 60, «Семей-Қызылорда» пойызына 25 жолаушы отырғызып, бір тәулікте 240 жолаушыны өз бағыттары бойынша аттандырған.

– Жолаушылардың дені Алматыға қарай бағыт алған. Оларға қолымыздан келгенше қол ұшын созып, барынша жағдай жасадық. Мүмкіндік болғанда пойызға салып жіберіп отырдық.  Ал оған дейін жылы жерге кіргізіп, ыстық шай ұсынып, ас-сумен қамтамасыз еттік, – дейді вокзал бастығы Бауыржан Рысқұлбекұлы.

Айтуынша, шағын вокзал ғимаратына жолда қалған  жолаушылар сыймаған соң іргедегі станция мен вагон пайдалану депосының техникалық сабақ өтетін кабинетіне де кіргізген. Тек вокзал ұжымы емес, Түлкібас станциясының бастығы Сералы Әлмәмбетов пен техникалық күтім қосынының бастығы Нұржан Жаңбырбайұлы бастаған теміржолшылар тарапынан да жолаушыларға ыстық шәй мен ас-су да ұйымдастырылған.

«Қырсыққанда қымыран іриді» демекші, тап сол боранды күні жарық сөніп, касса жұмыс істемей қалған. Вокзал кезекшісі Ағабек Ербол мобильді қосымшаны пайдалану арқылы жолаушылардың билет алуын шебер үйлестірген.

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты